ОҚУШЫЛАРҒА ӘСКЕРИ МАМАНДЫҚТЫ НАСИХАТТАУ МАҚСАТЫНДА КЕЗДЕСУ ӨТТІ

0
33

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаментіне қарасты «Қорғас» шекаралық бақылау басқармасы Панфилов ауданының Үшарал, Сүптай, Шежін және Надек ауылдарының орта мектептерінің 10–11 сынып оқушыларымен «Оқушыларды жоғарғы әскери оқу орындарына түсу» тақырыбында кәсіптік бағдар беру жұмысын өткізді.
Кездесу барысында оқушыларға әскери қызметтің маңызы, ҚР ҰҚК Шекара академиясына түсу талаптары мен әскери өмірдің ерекшеліктері туралы толық ақпарат берілді.

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті