ЕҢБЕК ҚАТЫНАСТАРЫН ЦИФРЛАНДЫРУ — УАҚЫТ ТАЛАБЫ

0
33

Жетісу өңірінде еңбек қатынастарын
цифрландыру ісі жүйелі жолға қойылуда. Еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесіне (ЕШЕАБЖ) енгізілген жұмысшылар саны ай сайын артып келеді. Сонымен қатар, міндетті сақтандыру мен ұжымдық шарттарды электрондық форматқа көшіру жұмыстары да жалғасуда. Бұл бастамалар әлеуметтік әділдікті нығайтып, еңбек саласында ашықтық пен тиімділікті қамтамасыз етпек.

Қазіргі таңда әлемнің дамыған елдері цифрлық технологиялар мен жасанды интеллекттің игілігін тиімді пайдалану арқылы әлеуметтік және экономикалық салаларды жаңа деңгейге көтеруде. Қазақстан да бұл үдерістен шет қалмай, мемлекеттік басқару мен еңбек қатынастары жүйесіне заманауи цифрлық шешімдерді батыл енгізіп келеді.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы Қазақстан халқына арнаған Жолдауында жаңа цифрлық технологияларға ерекше басымдық беріп, халыққа көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің барлығын автоматтандыруды және ашық цифрлық платформа арқылы біріктіруді тапсырды.
Осыған орай, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мен өңірлік департаменттер еңбек саласындағы процестерді цифрландыруға белсенді кірісті. Бұл бағыттағы жұмыстар туралы және қазан айының соңғы жексенбісі Әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлерінің мерекесіне орай ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Жетісу облысы бойынша департаменті басшысы Батыр Молдахметов-пен сұхбаттасқан едік.
– Әлеуметтік еңбек саласында облыс бойынша Еңбек инспекциясының пәрменімен бүгінде қандай шаралар жүзеге асырылып жатыр?
– Ең алдымен, еңбек қатынастарын реттеудегі ашықтық пен есептілікті арттыру мақсатында облыста «Еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесі» (ЕШЕАБЖ) аясында ауқымды жұмыстар жүргізілуде.
Ағымдағы жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша облыс аумағындағы 96 555 жалдамалы жұмыскердің 79 616 бойынша еңбек шарттары ЕШЕАБЖ-ға енгізіліп, жалпы 83% құрады.
Осы бағыт бойынша жұмыстың күшеюімен қатар, ЕШЕАБЖ-ға еңбек шарттарының өсу қарқынына кәсіпорындардың штат кестесін бірыңғай цифрлық есепті, материалдық-техникалық базаны есепке алуды және контингентті тіркеуді қамтамасыз етеді. Барлық мүдделі мемлекеттік органдар мен ұйымдар Бірыңғай цифрлық платформа арқылы әл-ауқат деңгейін жаңаша бағалауға мүмкіндік алады. Бұл қызмет сапасын арттырып, әлеуметтік жүйеге кәсіби кадрларды тартуға жол ашады».
Сондай-ақ, министр цифрландыру аясында «бұлтты бухгалтерия» принципін енгізуді ұсынды. Бұл шешім мемлекеттік органдардың қаржы және кадрлық есеп жүйелерін электрондық үкімет архитектурасымен үйлестіруге мүмкіндік береді.
– Министрлік бастамалары өңірде нақты қандай жұмыстарға жол ашты?
– Бұл бастамалардың нәтижесінде Жетісу облысында Бірыңғай цифрлық платформаны білім беру саласында толық енгізу жұмыстары басталды. Қазан айының алғашқы жартысында облыстағы 360 білім беру мекемесінің 91%-ы жүйеге қосылды. Қараша сақтандыру үлесін кемінде 70%-ға дейін жеткізу.
Бұл жоспарлар қазірдің өзінде бекітіліп, нақты іс-шаралар кестесі бойынша жүзеге асырылуда. Сонымен бірге, орталықтандырылған есеп жүргізу жүйесі мен көші-қон процестерін басқарудың тиімділігі де артып келеді.
– Цифрландыру әлеуметтік қорғау саласындағы кадрларға қандай мүмкіндік береді?
– Ең бастысы, бұл әлеуметтік сала қызметкерлерінің жұмысын жеңілдету. Қағазбастылық азайып, есеп пен бақылау процестері автоматтандырылады. Бұл өз кезегінде қызметкерлерге негізгі миссиясы – халықпен жұмыс істеуге, әлеуметтік мәселелерді шешуге көбірек уақыт бөлуге мүмкіндік береді.
Бұдан бөлек, цифрландыру еңбек нарығында кадр сапасын бағалаудың жаңа жүйесін қалыптастырады. Әр қызметкердің біліктілігі мен өнімділігі нақты көрсеткіштер арқылы бағаланатын болады. Бұл әділ еңбекақы жүйесін қалыптастыруға, ал білікті мамандарды тартуға жағдай жасайды.
– Батыр Қайыркенұлы, берген жауаптарыңызға рахмет. Әлеуметтік еңбек жүйесінде құқығы бұзылған қызметкерлерді қорғап жүргендеріңіз жауапкершілігі басым жұмыс. Осыған байланысты аталған саладағы қызметкерлерді алдағы мерекемен құттықтаймыз. Еңбектеріңіз жемісті болсын деп тілейміз!

 

P.S. Әлеуметтік-еңбек қорғау жүйесінің қызметкерлері – қоғамның ең маңызды тірегінің бірі. Олар адамдардың әл-ауқатын, еңбек қауіпсіздігін және әлеуметтік әділдікті қамтамасыз етеді.
Бүгінгі таңда цифрландыру мен жасанды интеллект олардың жұмысын түбегейлі өзгертуде. Енді әлеуметтік қорғау қызметі тек қағаз жүзінде емес, нақты деректерге сүйенетін, ашық, меңгеруге оңтайлы, әрі тиімді жүйеге айналып келеді.
Жетісу өңірінде жүзеге асырылып жатқан бастамалар – Қазақстанның цифрлық болашағына жасалған нақты қадам. Бұл қадамдар халықтың тұрмыс сапасын арттырумен қатар, еңбек саласында жаңа мәдениетті қалыптастыруға бағытталған.

 

Гүлнұр ЕРМҰХАНҚЫЗЫ