ОТБАСЫЛАРДЫҢ ЦИФРЛЫҚ КАРТАСЫ МЕН МӘМС ЖҮЙЕСІН ІСКЕ АСЫРУ ЖҮРГІЗІЛУДЕ
 Талдықорған қаласында отбасылардың цифрлық картасы мен міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесін іске асыру жұмыстары жалғасып жатыр.
Талдықорған қаласында отбасылардың цифрлық картасы мен міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесін іске асыру жұмыстары жалғасып жатыр.
Осы бағытта 2024 жылғы 18 тамызда қала әкімінің өкімімен бес мобильдік топ құрылды. Бұл топтардың негізгі мақсаты – өмірлік қиын жағдайға тап болған азаматтарды анықтап, оларға атаулы әлеуметтік және медициналық көмек көрсету, сондай-ақ тұрғындарды мемлекеттік қолдау шараларымен қамту.
Мобильдік топтар отбасыларды тіркеу, әлеуметтік қолдау қажеттілігін бағалау, медициналық және жұмыспен қамту саласында көмек көрсету бағытында жұмыс істейді. Сонымен қатар цифрлық карта мен МӘМС жүйесіндегі деректердің өзектілігін қамтамасыз ету және мемлекеттік органдар арасындағы өзара іс-қимылды күшейту көзделген.
Қазіргі таңда Талдықорғанда 30 мыңнан астам тұрғын МӘМС жүйесіне тіркелмеген. Мұндай азаматтар тегін медициналық қызмет түрлерін пайдалана алмайды және емделу шығындарын өз қалтасынан төлеуге мәжбүр. Сол себепті қала тұрғындарына сақтандыру мәртебесін тексеріп, қажет болған жағдайда қалалық штабқа хабарласу ұсынылады. Байланыс телефоны: 8 707 575 5045.
«АЛАТАУ-АҚПАРАТ»
 
                			
                                        			