ЖАС ШЕКАРАШЫЛАРҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

0
31

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаментіне қарасты Алакөл ауданы бойынша шекара басқармасының «Лепсі» шекара бөлімшесінде Мағжан Жұмабаев атындағы мектептің жас шекарашыларына Үшарал шекара отрядының 60 жылдық мерейтойына қосқан зор үлестері үшін Жетісу облысы бойынша департамент бастығының атынан марапаттау грамоталары табыс етілді.
Іс-шара барысында жас буынның елге, жерге деген сүйіспеншілігі мен шекарашы мамандығына деген қызығушылығы ерекше атап өтілді.

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті