ЖАСТАРДЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ КҮШЕЙТІЛУДЕ

0
201

Алакөл ауданында еңбек нарығын дамытуды 2024-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы аясында халықты, әсіресе жастарды жұмыспен қамтуға бағытталған бірқатар шара жүзеге асырылуда.

2025 жылы аудандық мансап орталығына 3842 адам жүгінсе, олардың 1308-і жастар. Жыл басынан бері 1583 азамат жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тартылып, 1214 адам жұмысқа орналасты.
Жастарды қолдау мақсатында 100 жас маман жастар практикасына жіберіліп, 36-сы тұрақты жұмысқа қабылданды. Сонымен қатар «Алғашқы жұмыс орны» жобасы аясында 23 адам еңбек жолын бастап, олардың 8-і тұрақты жұмыспен қамтылды. «Ұрпақтар келісімшарты» жобасы бойынша 2 адам жұмысқа орналастырылды.
Мемлекеттік қолдау шаралары арқылы Алакөл ауданында жастардың еңбек нарығына интеграциясы жүйелі түрде жалғасуда.

«АЛАТАУ-АҚПАРАТ»