Қорғаста Бауыржан Момышұлының 115 жылдығына арналған тақырыптық кеш өтті

0
153

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаментіне қарасты «Қорғас» шекаралық бақылау басқармасында Кеңес Одағының Батыры Бауыржан Момышұлының туғанына 115 жыл толуына арналған тақырыптық кеш ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында даңқты батырдың өмір жолы, жауынгерлік ерлігі мен әскери мұрасы кеңінен баяндалып, оның Отанға адалдық, тәртіп пен ерік-жігер жөніндегі өнегелі өсиеттері жеке құрамға үлгі ретінде ұсынылды. Тақырыптық кеш әскери қызметшілердің патриоттық рухын нығайтып, тарихи тұлғаларға деген құрметін арттыруға бағытталды.

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті