ЖАҢА АВТОБУС БАҒЫТТАРЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

Облыс орталығы Талдықорғанда жаңа бағытта қатынайтын №28 және №29 автобус маршруттары өз қызметін бастады.
Атап айтқанда, №28 бағыттағы автобус Қызылтас саяжайынан басталып, Гаухар ана көшесі арқылы облыстық ауруханаға дейін қатынайтын болады. Ал №29 бағыттағы автобус Астана даңғылынан орталыққа дейін, яғни Гаухар ана көшесімен «Шығыс» шағын ауданындағы индустриялық аймаққа дейін жүретін болады.
Қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің мәліметінше, жаңа бағытта қатынайтын 7 автобус тұрғындарға қызмет көрсетеді. Тұрғындар тарапынан сұраныс жоғары болған жағдайда, қосымша тағы автобус қосу жоспарланып отыр.
«АЛАТАУ-АҚПАРАТ»
