Мерекеге арналған салтанатты шара

0
25

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаментінде балалар арасында 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне арналған салтанатты шара өтті.
Іс-шара барысында балалар аналар мен ұстаздарға арналған өлеңдер оқып, ән айтып, мерекелік қойылымдар көрсетті. Кеш қатысушыларға көтеріңкі көңіл күй сыйлап, аналарға деген құрмет пен сүйіспеншілікті дәріптеуге бағытталды.

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті