Оқушылар арасында әскери-спорттық эстафета өтті

0
39

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті «Қорғас» шекаралық бақылау басқармасы шекаралық бақылау бөлімдерімен бірлесіп, тоғыз мектептің 10–11 сынып оқушылары арасында әскери-спорттық эстафета ұйымдастырды.
Эстафета барысында оқушылар түрлі әскери-спорттық сынақтардан өтіп, шапшаңдықтары мен төзімділіктерін көрсетті. Сонымен қатар, ҚР ҰҚК Шекара қызметі академиясы оқуға түсуге ниетті үміткерлерге қабылдау шарттары мен талаптары туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Іс-шара жоғары деңгейде өтіп, қатысушыларға тың серпін мен патриоттық жігер сыйлады.

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті