Панфилов ауданында оқушылар шекара бөлімшесіне бір күндік сапар жасады

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті Панфилов ауданы бойынша шекара басқармасы «Басқұншы» шекара бөлімшесінде Жаркент қаласындағы Жайлы орта мектебінің 5–7 сынып оқушыларының қатысуымен Отан қорғаушылар күніне орай шекаралық бөлімшеге бір күндік танымдық сапар ұйымдастырылды.
Сапар барысында оқушылар шекарашылардың күнделікті қызметімен танысып, Отан қорғаушылардың жауапты әрі мәртебелі міндетін өз көздерімен көрді. Сонымен қатар, әскери қызметшілер елге адал қызмет ету, Отанға деген сүйіспеншілік және батырлық туралы тағылымды әңгімелер айтты.
Іс-шара жас буынның бойында патриоттық рух пен отансүйгіштік сезімді қалыптастыруға бағытталды.
ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті
