Өткеннің ізі — болашақтың тілі

0
38

Мамыр айының 18 жұлдызында Жетісу облысының Мұхаметжан Тынышбайұлы атындағы тарихи-өлкетану музейі ұйымдастырған Халықаралық музейлер күніне арналған «Өткеннің ізі – болашақтың тілі» атты мәдени іс-шара өтті. Шара барысында келушілер музей залдарындағы жәдігерлерді тамашалап, қызығушылықпен танысты.

Табиғат залында ата-аналар балаларымен бірге экспозицияларды көрсе, музей дәлізінде Назарбаев Зияткерлік мектебі, Политехникалық колледжі және жеке меншік «Робототехника мектебі» өз туындыларын ұсынды. Робототехника мектебінің директоры Дәулет Жакенов оқушылар жасаған жобаларды таныстырып, олардың өздеріне түсіндіруге мүмкіндік берді.
Көне және ортағасыр тарихы залының жәдігерлері жайлы музей қызметкері Нұрасыл Бегенов кеңінен мәлімет берді. Сонымен қатар, жасанды интеллект көмегімен тас және ғұн дәуіріндегі адамдардың тұрмыс-тіршілігі көрсетілді.
Этнографиялық залда Шоқан Уәлиханов, Шыңғыс Уәлиханов, Қожбанбет Ебейұлы секілді тарихи тұлғалар мен ҰОС батырлары, сондай-ақ Кәкімжан Қазыбаев, Бейсен Құранбек туралы мәліметтер таныстырылды.
Шарада дәстүрлі тарихи мұра мен заманауи технологияларды ұштастырған роботтар көрмесі мен жасанды интеллектке арналған бөлімдер келушілерге ерекше әсер сыйлады.

Сембек ӘБДІ-РАХМАН