ҚУҒЫН-СҮРГІН ҚАСІРЕТІ

0
26

Репрессия (лат. Repressio – басу, қысым көрсету) – мемлекеттің немесе билеуші жүйенің өз билігін сақтап қалу үшін халықты бақылауда ұстау, қорқыту және жазалау мақсатында қолданатын мәжбүрлеу шараларының жиынтығы. КСРО тарихында репрессия Коммунистік партияның Орталық Комитетінің бас хатшысы Иосиф Сталиннің атымен байланысты.
1930-1940 жылдар аралығында Сталиннің әлеуметтік саясатының құрбаны 8,5 миллионнан астам адам болды: «Революцияға қарсы қылмыстары» үшін 760 мыңнан астам адам атылды, миллионға жуық адам кулактарды жою кезеңдерінде және арнайы елді мекендерде қайтыс болды. ГУЛАГ-та жарты миллионға жуық тұтқын қайтыс болды.

«АЗАЛЫ КІТАПТА» КӨКСУ АУДАНЫ
атылғандар мен ақталғандар

(Кітапта Көксу ауданы бұрын Қаратал ауданының аумағына кіргендігін және кітапта аудан кей жерлерде Киров ауданы деп жазылғанын ескертеміз).
1937-38 жылдары 100 мыңның үстінде адам қуғын-сүргінге ұшырады десек, тарихшы Зиябек Қабылдинов архивтерде 714 мың құжаттың әлі «құпия» грифы алынбағанын айтады.
Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссия мүшесі Сабыр Қасымов өткен ғасырдың 20-30 жылдары қырылғандардың көбі аштықтан емес, репрессия құрбаны боп кеткен деп есептейді.
Сталиндік саяси қуғын-сүргін статистикасына келгенде, әр санның артында халқымыздың арда азаматтарының қор болған өмірі, күл-талқаны шыққан ұлттық арман, айдалып, атылып кеткен әке-шешесін көруге зар болған бала-ғұмыр, ұлт қайраткерінің қуғынға ұшыраған үрім-бұтағының қасіреті тұрғанын ұмытпауымыз керек. Бұл сандар жай ғана статистика емес, тұнған трагедия екенін естен шығармайық.
2011 жылы жарыққа шыққан кітаптағы тізім бойынша газетіміздің осы санында Көксу ауданы бойынша қуғын-сүргінге ұшырап, жазаланғандар тізімін ұсынуды жөн көрдік. Алайда бұл тізім әлі де толық еместігін айта кеткен жөн…
1. Қаракүбеков Көшібек (Күтімбек) 1857 жылы туған. Қаратал ауданы, Аққұдық ауылында дүниеге келген, ұлты қазақ, мал шаруашылығымен айналысқан. СССР НКВД-ның шешімімен 10.08.1937 жылы ату жазасына кесілген. СССР Жоғарғы сотының шешімімен 13.02.1989 жылы ақталған.
2. Қонусов Майлыбек 1855 жылы Қаратал ауданы, Аққұдық ауылында туған, ұлты қазақ, мал шаруашылығымен айналысқан. СССР НКВД-ның шешімімен 17.11.1937 жылы ату жазасына кесілген. СССР Жоғарғы сотының шешімімен 16.05.1989 жылы ақталған.
3. Байсов Айтахун 1897 жылы туған, Алматы облысы, Қаратал ауданы, ұлты қазақ, малшы. СССР НКВД-ның шешімімен 10.11.1937 жылы ату жазасына кесілген. СССР Жоғарғы сотының шешімімен 1989 жылы ақталған.
4. Гарбовский Петр Иванович 1887 жылы Киев облысы, Новоград-Волынский ауданында туған. Ұлты поляк, Лабасы колхозының колхозшысы.
5. Забегалов Николай Яковлович 1884 жылы Харьков облысында туған. Қаратал ауданы қант заводының жұмысшысы.
6. Иванов Николай Яковлевич 1891 жылы Москва облысында дүниеге келген. Қаратал ауданы, Көксу ауылының тұрғыны. Ұлты орыс, етікші болып қызмет істеген.
7. Капустин Григорий Иванович 1881 жылы Москва облысы,Чехов ауданында туған. Ұлты орыс, қант заводында токарь.
8. Морозов Николай Иванович 1897 жылы Солтүстік Кавказда туған. Қаратал ауданы Калинин колхозның ұстасы.
9. Шрейдер Петр Иванович 1889 жылы дүниеге келген, ұлты неміс. Қаратал ауданындағы қант қызылшасы совхозында бухгалтер. 1937 жылдың 3 қарашасында Алматы УНКВД-ның бұйрығымен сотталып, осы жылдың 27 қарашасында ату жазасына бұйырылған. Талдықорған облыстық прокуратурасының қорытындысымен 27.04.1989 жылы ақталған.
10. Липницкий Франц Игнатьевич 1894 жылы Белоруссияда туған, ұлты поляк. Қант қызылшасы совхозында егінші болып жұмыс істеген. СССР НКВД-ның шешімімен 10.11.1937 жылы ату жазасына кесілген. СССР Жоғарғы сотының шешімімен 16.01.1989 жылы ақталған.
11. Шелухович Константин Иванович 1888 жылы Минск қаласында туған, ұлты беларус. Қаратал қант қызылшасы совхозының жұмысшысы. СССР НКВД-ның шешімімен 10.11.1937 жылы ату жазасына бұйырылған. 16.01.1989 жылы ақталған.
12. Барковский Александр Карлович 1884 жылы Винницкий губерниясында туған, ұлты украин. Көксу бекетінде тұрған. НКВД-ның қосалқы шаруашылығында бас зоотехник болып қызмет істеген. Алматы облысының УНКВД-ның шешімімен 21.11.1937 жылы атылған. Талдықорған облыстық сотының шешімімен 31.08.1957 жылы ақталған.
13. Кабиров Ғабзарип 1868 жылы Талдықорған облысы, Киров ауданы №10 ауылында туған, ұлты татар. НКВД-ның шешімімен 10.12.1937 жылы ату жазасына бұйырылған. 26.04.1989 жылы ақталған.
14. Күзембаев Зарип 1895 жылы Талдықорған облысы, Қаратал ауданы, Мұқыры колхозында туған. Карл Маркс колхозының колхозшысы. НКВД-ның шешімімен 25.11.1937 жылы ату жазасына бұйырылған. 16.01.1982 жылы ақталған.
15. Нақыспеков Қали 1873 жылы Талдықорған облысы, Киров ауданы, Мұқыры ауылында туған. Карл Маркс колхозының колхозшысы. НКВД-ның шешімімен 25.11.1937 жылы ату жазасына бұйырылған. 04.05.1989 жылы ақталған.

16. Бутвиловский Иосиф Брониславович 1879 жылы Белоруссияда туған, ұлты поляк. Талдықорған облысы қант қызылшасы совхозының жұмысшысы. НКВД-ның шешімімен 13.12.1937 жылы ату жазасына бұйырылған. 12.05.1989 жылы ақталған.
17. Келбаев Өтеп 1899 жылы Алматы облысы, Қаратал ауданында туған. Қаражырық колхозының учаскелік технигі. НКВД-ның шешімімен 04.12.1937 жылы ату жазасына бұйырылған. 02.08.1957 жылы ақталған.
18. Тұрғанбаев Жарқынбек 18?? жылы Талдықорған облысы, Киров ауданы, Алғабас ауылында туған. Мұрап болып жұмыс істеген. НКВД-ның шешімімен 13.12.1937 жылы ату жазасына бұйырылған. 08.04.1989 жылы ақталған.
19. Исмаилжанов Закиржан 1897 жылы Талдықорған облысы, Жаркент қаласында туған, ұлты өзбек. «Еңбекші» колхозының шаруашылық меңгерушісі. Алматы облысы УНКВД-ның шешімімен 10.12.1937 жылы ату жазасына кесілген. Алматы облыстық сотының шешімімен 11.08.1961 жылы ақталған.
20. Березовский Николай Феликсович 1896 жылы Киев облысында туған, ұлты поляк. Талдықорған облысы, Мұқаншы колхозының колхозшысы. Алматы облысы УНКВД-ның шешімімен 18.12.1937 жылы ату жазасына бұйырылған. Талдықорған облысы прокуратурасының қорытындысымен 26.04.1989 жылы ақталған.
21. Скритуцкий Валериан Вячеславович 1893 жылы Белоруссияда туған, ұлты поляк. Киров ауданының тұрғыны, қант қызылшасы совхозының жұмысшысы. Алматы облысы УНКВД-ның шешімімен 25.12.1937 жылы ату жазасына бұйырылған. Талдықорған облыстық сотының шешімімен 16.05.1959 жылы ақталған.
22. Гарбовский Король Петрович Новоград-Волынь ауданында туған, ұлты поляк. Қаратал ауданының «Октябрь» колхозының колхозшысы. Алматы облысы УНКВД-ның шешімімен 29.12.1937 жылы ату жазасына бұйырылған. Прокуратура шешімімен 26.04.1989 жылы ақталған.
23. Воробьев Иосиф Андреевич 1895 жылы Талдықорған облысы, Қаратал ауданында туған, ұлты орыс отбасында ағаш шебері. Алматы облысы НКВД-ның шешімімен 13.02.1938 жылы ату жазасына бұйырылған. Талдықорған облыстық прокуратурасының шешімімен 29.08.1958 жылы ақталған.
24. Чичизаев Керім 1888 жылы Талдықорған облысы, Жаркент қаласында туған, ұлты дүнген. Куйбышев ауылында колхозшы. Алматы облысы УНКВД-ның шешімімен 02.09.1938 жылы ату жазасына бұйырылған. СССР Жоғарғы сотының шешімімен 16.01.1989 жылы ақталған.
25. Ким Ир Ган 1879 жылы Кореяда туған, ұлты кәріс. Ленин атындағы колхозында колхозшы. Алматы облысы УНКВД-ның шешімімен 07.10.1938 жылы ату жазасына бұйырылған. СССР Жоғарғы сотының шешімімен 16.01.1989 жылы ақталған.
26. Ли Ден Хо 1895 жылы Кореяда туған. Қаратал ауданы, Молотов атындағы колхоздың колхозшысы. Алматы облысы УНКВД-ның шешімімен 07.10.1938 жылы ату жазасына кесілген. СССР Жоғарғы сотының шешімімен 16.01.1989 жылы ақталған.
27. Пак-Ин-Сети 1893 жылы Чунзын Корея қаласында туған, ұлты кәріс. Сталин атындағы колхозында тұрған. Колхозшы. Алматы облысы УНКВД-ның шешімімен 08.10.1938 жылы ату жазасына бұйырылған. СССР Жоғарғы сотының шешімімен 07.01.1961 жылы ақталған.
28. Лен До Гюн 1887 жылы Кореяда туған. Ұлты кәріс. Қаратал ауданы, Февраль колхозында колхозшы. Алматы облысы УНКВД-ның шешімімен 08.10.1938 жылы ату жазасына бұйырылған. СССР Жоғарғы сотының шешімімен 16.01.1989 жылы ақталған.
29. Те-Ген 1899 жылы Кореяда туған, ұлты кәріс. Қаратал ауданы «Кум-Арал» колхозында колхозшы. Алматы облысы УНКВД-ның шешімімен 09.10.1938 жылы ату жазасына бұйырылған. СССР Жоғарғы сотының шешімімен 16.01.1989 жылы ақталған.
30. Санвазов Чан Шичан Исмаил 1908 жылы туған, ұлты қытай. Куйбышев атындағы колхозында ферма меңгерушісі болып істеген. Алматы облысы УНКВД-ның шешімі-мен 19.10.1938 жылы ату жазасына бұйырылған. Талдықорған облыстық прокуратурасының шешімімен 26.04.1989 жылы ақталған.
31. Цой Мен Сик 1905 жылы Кенги-Дон Корея қаласында туылған. Ұлты кәріс. Қаратал ауданы қант заводында етікші. Алматы облысы УНКВД-ның шешімімен 19.10.1938 жылы қамауға алынды.
11.11.1938 жылы ату жазасына бұйырылған. ҚазССР Жоғары сотының шешімімен 30.07.1959 жылы ақталған.
32. Чабанов Максим Федорович 1896 жылы Харьков облысы, Дмитриевка Богодух ауданында туған, ұлты украин. Сталин атындағы колхозында тігінші. Алматы облысы УНКВД-ның шешімімен 20.12.1941 жылы ату жазасына бұйырылған. Талдықорған облыстық прокуратурасының шешімімен 06.04.1990 жылы ақталған.
33. Домбаев Тойтары 1895 жылы Талдықорған облысы, Қаратал ауданында туған, ұлты қазақ. Молотов колхозында колхозшы. Талдықорған облыстық соттың шешімімен 02.10.1941 жылы ату жазасына бұйырылған. ҚазССР Жоғарғы сотының шешімімен 31.10.1955 жылы ақталған.
34. Қадырбаев Өсербек 1891 жылы Талдықорған облысы, Қаратал ауданында туған, ұлты қазақ. Молотов колхозының колхозшысы. Талдықорған облыстық соттың шешімімен 02.10.1941 жылы ату жазасына бұйырылған. ҚазССР Жоғарғы сотының шешімімен 31.10.1955 жылы ақталған.
35. Мұқашев Құдаш 1888 жылы Семей облысында Шұбартауда туған. Ұлты қазақ. Каганович атындағы колхозында колхозшы-малшы. Талдықорған облыстық соттың шешімімен 02.10.1941 жылы ату жазасына бұйырылған. ҚазССР Жоғарғы сотының шешімімен 31.10.1955 жылы ақталған.
36. Ұсабаев Қаймолда 1900 жылы Талдықорған облысы, Сарқан ауданында туған, ұлты қазақ. Каганович колхозында колхозшы. Талдықорған облыстық соттың шешімімен 07.10.1941 жылы ату жазасына бұйырылған. ҚазССР Жоғарғы сотының шешімімен 31.10.1955 жылы ақталған.
37. Цой-Ги-Рен 1912 жылы Заречье Примор облысында туған, ұлты кәріс. Қаратал ауданы, Сталин атындағы колхозында агроном. Талдықорған облыстық соттың шешімімен 02.10.1941 жылы ату жазасына бұйырылған. ҚазССР Жоғарғы сотының шешімімен 25.04.1990 жылы ақталған.
38. Дәулетпақов Бейсембек Алматы облысында туған. Ұлты қазақ. Талдықорған облыстық сотының шешімімен 12.12.1941 жылы ату жазасына бұйырылған. ҚазССР Жоғарғы сотының шешімімен 19.08.1942 жылы ақталған.
39. Сәлімов Дәуіт 1903 жылы Алматы облысында туған. Ұлты қазақ. Колхоз қойшысы. НКВД СССР шешімімен 07.03.1942 жылы ату жазасына бұйырылған. Алматы облыстық сотының шешімімен 22.08.1958 жылы ақталған.
40. Сексембаев Ешмұханбет 1904 жылы Алматы облысы, Қаратал ауданы, Қаражырық колхозында туған. Ұлты қазақ. Колхоз бастығы.
41. Сексембаев Жұмағали 1897 жылы Алматы облысы, Қаратал ауданында, Қаражырық колхозында туған. Ұлты қазақ, шаруа.
42. Рахимов Айбек 1892 жылы Алматы облысы, Малайсары ауданында туған. Ұлты қазақ. Орта азиялық шаруа.
43. Сейсенбаев Қадырбай 1857 жылы Алматы облысы, Қаратал ауданы, Бұрған колхозында туған. Малшы.
44. Байгоносов Жылқыбай 1871 жылы Алматы облысы, Қаратал ауданы, Сталин колхозында туған. Ұлты қазақ, малшы.
45. Байгосинов Қасымхан 1882 жылы Алматы облысы, Малайсары ауданы №5 ауылында туған. Ұлты қазақ, малшы.
46. Бейбітов Қали 1867 жылы Алматы облысы, Қаратал ауданы Бұрған ауылында туған. Ұлты қазақ, малшы.
47. Жантайлақов Мұхамет-жан 1857 жылы Алматы облысында туған. Каганович колхозының малшысы.
48. Мырзабаев Рахым 1865 жылы Алматы облысында туған. Ұлты қазақ, шаруа.
49. Шарықбаев Рашим 1878 жылы Алматы облысында туған. Ұлты қазақ. Қаратал ауданы, Ленин колхозының малшысы.
50. Нүсіпов Кәрібай Жасыбайұлы 1908 жылы Талдықорған облысы, Қаратал ауданы Мұқаншы ауылында дүниеге келген. Ұлты – қазақ. «Ораз» колхозының басқарма бастығы. 09.02.1938 жылы 58-бап бойынша жоғары өлім жазасына кесілген. УНКВД Алматы облысы бойынша сотталған. 14.02.1938 жылы атылған. 29.08.1958 жылы Талдықорған облысының прокуратурасының шешімімен ақталған.
51. Нүсіпбаев Өксікбай Жасыбайұлы 1903 жылы Талдықорған облысы, Қаратал ауданы Мұқаншы ауылында дүниеге келген. Ұлты қазақ. Бұрған колхозындағы қой совхозының меңгерушісі. 09.02.1938 жылы 58-10 бабы бойынша өлім жазасына кесілген. УНКВД Алматы облысы бойынша сотталған. 14.02.1938 жылы атылған. 04.05.1989 жылы Талдықорған облысының прокуратурасының шешімімен ақталған.
52. Меңдібаев Сүйінбай 1894 жылы Талдықорған облысы, Қаратал ауданы, Мұқаншы ауылында дүниеге келген. Ұлты – қазақ. Ораз колхозының тұрғыны. 09.02.1938 жылы 58-10 бабы бойынша жоғарғы өлім жазасына кесілген. УНКВД Алматы облысы бойынша сотталған. 21.02.1938 жылы атылған. 16.01.1989 жылы КСРО Жоғарғы Президиумының қаулысымен ақталған.
53. Шуақбаев Абдрахман 1895 жылы Талдықорған облысы, Қаратал ауданы Мұқаншы ауылында дүниеге келген. Ұлты – қазақ. «Бұрған» колхозының басқарма бастығы. 09.02.1938 жылы 58-10 бабы бойынша жоғары өлім жазасына кесілген. УНКВД Алматы облысы бойынша сотталған. 14.02.1938 жылы атылған. 15.06.1962 жылы Алматы облысының прокуратурасының шешімімен ақталған.
54. Қоқымбаев Қасым 1913 жылы Талдықорған облысы, Қаратал ауданы Мұқаншы ауылында дүниеге келген. Ұлты – қазақ. Өндіріс колхозының тұрғыны. Ауылдық дүкеннің сатушысы. 09.02.1938 жылы 58-10 бабы бойынша жоғары өлім жазасына кесілген. УНКВД Алматы облысы бойынша сотталған. 16.02.1938 жылы атылған. 03.05.1989 жылы Талдықорған облысының прокуратурасының шешімімен ақталған.
«Тарихи зерттеулерге қара-ғанда, осы жылдары қызыл қырғында ең көп қаза тапқандар мемлекеттік және қоғам қайрат-керлері болды. Ал осы азаматтардан соң, біздіңше, ең көп саяси репрессияға ұшыратылғандар – ұлттық ой еңбегінің интеллигенция өкілдері, ал олардың ішінен ең алдымен, ақын-жазушылар болды», — деп жазады тарихшы Жетпіс Талдыбаев.

Сембек Әбді-Рахман

Дереккөз: «Азалы кітап/ Книга скорби»