Қаржылық сауаттылық бойынша түсіндіру жұмысы өтті

0
19

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті «Қорғас» шекаралық бақылау басқармасының жеке құрамымен аға лейтенант О. Достанов қаржылық сауаттылық тақырыбында түсіндіру жұмысын өткізді.

Іс-шара барысында әскери қызметшілерге жеке қаржыны тиімді басқару, несие мен қарыздық міндеттемелерге жауапкершілікпен қарау, қаржылық алаяқтықтың алдын алу және жинақ қалыптастыру жолдары түсіндірілді.

Кездесу жеке құрамның қаржылық мәдениетін арттыруға және әлеуметтік-тұрмыстық тұрақтылығын нығайтуға бағытталды.

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті