«Қорғас» шекаралық бақылау басқармасында еске алу шарасы өтті

0
19

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті «Қорғас» шекаралық бақылау басқармасында 31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай еске алу шарасы ұйымдастырылды.

Іс-шара барысында саяси қуғын-сүргін мен ашаршылық құрбандарының рухына тағзым етіліп, бір минут үнсіздік жарияланды. Сонымен қатар, тарихи кезеңдердің тағылымы мен ел бірлігінің маңыздылығы туралы айтылды.

Еске алу шарасы тарихи жадыны сақтау мен жас ұрпаққа тағылым беру мақсатында өткізілді.

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті