57 ОТБАСЫ ЖАҢА ҚОНЫСҚА ИЕ БОЛДЫ

Ақсу ауданында тұрғындарды баспанамен қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда. Аудан орталығы І.Жансүгіров ауылында тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтарға жаңа баспаналардың кілтін табыстау рәсімі өтті.
Мемлекет басшысының халықтың тұрмыс сапасын арттыру және тұрғын үйге қолжетімділікті қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмаларын орындау аясында аудан бойынша жалпы саны 116 тұрғын үй салынған. Оның ішінде 60 пәтерлі тұрғын үй мен 56 жеке тұрғын үй бар. Бүгін осы үйлердің 57-сі баспана кезегінде тұрған отбасыларға берілді.
Сонымен қатар ауданға қызмет ету үшін келген бес дәрігерге қызметтік пәтерлердің кілттері табысталды. Бұл шара денсаулық сақтау саласындағы кадр тапшылығын азайтуға және білікті мамандарды ауылдық жерлерге тартуға бағытталған маңызды қадамдардың бірі болды.








