Мемлекеттік рәміздер күніне арналған тақырыптық кеш өтті

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті «Қорғас» шекаралық бақылау басқармасы жеке құрамымен 4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне арналған тақырыптық кеш өтті.
Іс-шара барысында мемлекеттік Ту, Елтаңба және Әнұранның ел тарихындағы маңызы туралы айтылып, олардың тәуелсіздіктің басты нышандары екені атап өтілді. Сонымен қатар, мемлекеттік рәміздерді құрметтеу – әрбір азаматтың қасиетті парызы екені кеңінен түсіндірілді.
Кеш әскери қызметшілердің патриоттық рухын нығайтуға және мемлекеттік құндылықтарға деген құрметін арттыруға бағытталды.
ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті









