«Заң мен тәртіп»: Ақсу ауданында «Антиграффити» акциясы өткізілді

0
18

«Заң мен тәртіп» қағидаты аясында жастар арасында қоғамдық тәртіпті сақтау, қоршаған ортаға ұқыпты қарау мәдениетін қалыптастыру және заңсыз граффитидің алдын алу мақсатында Ақсу ауданында «Антиграффити» акциясы ұйымдастырылды.

Іс-шара Ақсу аудандық полиция бөлімі мен «Aqsy jastary» жастар ресурстық орталығының бірлесіп ұйымдастыруымен өтті.

Акция барысында қатысушылар қоғамдық орындардағы заңсыз жазулар мен суреттерді тазалап, тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар жастарға қоғамдық мүлікке ұқыпты қарау, қоршаған ортаның тазалығын сақтау және заң талаптарын орындаудың маңыздылығы жөнінде ақпарат берілді.

Мұндай профилактикалық іс-шаралар жастардың азаматтық жауапкершілігін арттыруға, құқықтық мәдениетін қалыптастыруға және ауданның тазалығы мен көркеюіне үлес қосуға бағытталған.