Тартысты өткен турнир

0
23

Ақсу ауданында халықты бұқаралық спортпен айналысуға көптеп тарту мақсатында түрлі жарыстар ұйымдастыру дәстүрге айналған. Міне, сондай игі шаралдардың бірі жақында өткізілді. Бұқаралық спортты насихаттай түсу және қоғамда сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және салауатты өмір салтын орнықтыру мақсатында әйелдер арасында волейболдан «Ақсу ауданы әкімінің кубогі» үшін жарыс ұйымдастырылды. Жарыстың ашылу салтанатында Ақсу ауданы бұқаларлық спорт директоры Асхат Сауғанбаев, турнирдің бас төрешісі Сәкен Рафиков және ардагер спортшылар сөз сөйлеп, қатысушыларға жақсы ойын өрнегін көрсетуге тілек білдірді.
Бұл турнирге өңірдің бірнеше командасы қатысып, бас жүлдені сарапқа салды. Тартысты да шиеленісті жағдайда өткен бұл жарыстың қорытындысы бойынша Жансүгіров ауылының волейболшы қыз-келіншектері жеңімпаз атанып, арнайы кубокпен және 100 мың теңге ақшалай сыйлықпен марапатталды. Екінші орын Қапал ауылының командасына бұйырды. Қапалдықтар да арнайы кубокпен және 50 мың теңге ақшалай сыйлыққа ие болды. Үздік үштікті Көкжайдақ ауылының волейболшылары түйіндеді. Бұларға да арнайы кубок және 25 мың теңге ақшалай сыйлық табысталды.
Аталған іс-шара қатысушылар арасында адалдық пен әділдік қағидаттарын насихаттап, спорт арқылы бірлік пен ынтымақтастықты нығайтуға өз үлесін қосты.

Ш.Хамитов