АУЫЛДАҒЫ ЖАЛДАМАЛЫ ҮЙГЕ ӨТІНІШ ҚАБЫЛДАНАДЫ

0
35

      Жетісу облысының ауылдық елді мекендерінде жалға берілетін тұрғын үйлерді бөлу үшін өтініш қабылдау басталады. 1–7 қыркүйек аралығында тұрғындар баспанаға ие болу мүмкіндігін қарастырып, тиісті құжаттарын тапсыра алады.

Бұл жолы облыстың жеті ауданындағы 64 нысаннан 217 пәтер ұсынылып отыр. Оның ішінде Алакөл ауданында – 10, Ақсу ауданында – 5, Кербұлақта – 22, Сарқанда – 11, Қараталда – 3, Көксуда – 8, Панфилов ауданында 5 нысан бар.
Өтініштер электронды түрде Baspana Market порталы арқылы қабылданады. Сондықтан баспана алуға ниетті азаматтарға белгіленген мерзімді өткізіп алмау маңызды.
Жалға берілетін тұрғын үй ауыл тұрғындарының баспана мәселесін шешуге бағытталған. Биыл ұсынылып отырған 217 пәтер – осы бағыттағы жұмыстардың кезекті нәтижесі.
«АЛАТАУ-АҚПАРАТ»