Табиғатты қорғайық

0
36

Жетісу облысының әсем жерлері көрген адамның көңіліне қанат бітіргендей қуантады. Биылғы шаншыған таяғыңнан келесі жылы арба шығады деген бар емес пе? Оның бәрі жердің құнарлығына, суының молдығына риза болған көңілден шықан сөз. Бірақ жердің бағасыз, құнсызы бола ма? Адамзатқа жер ешқашан жақсы, жаманға бөлініп алаланбайды . Жердің әсемдігі оның төсінде өсіп-өнетін көгіне де байланысты. Көрікті ағаш пен әдемі шөптен артық жер ажарын не кіргізсін! Аңы мен құсын айтсаң, ол да өз алдына жыр. Тауымызда қорқау қасқыр, сілеусін, ілбіс, аю, түлкі, қоян, елік, арқар, тауешкі, тағы басқа аңдарға бай. Борсық, суыр сарытышқан, күзен, сутышқан көп. Аздап бүркіт пен қаршыға кездеседі . Құзғын, құмай, үкі, жапалақ, кекілік, қырғауыл, тағы басқа құстың да түр-түрі бар. Айта берсек, туған жеріміздің ойы мен қыры, тауы мен суы — тұрған сурет. Осындай байлықты, сұлулықты тілсіз жауға бермей, табиғат апатынан сақтау, әрі қарай көркейту өз қолымызда . Жасыл желек ұйымындағы өскелең ұрпақты жастарды тартып, түпкі мақсатын түсініп, бұл еңбекті сүйіспеншілікпен орындатуға тәрбиелеу біздің орман шаруашылығының басты міндеті әрі борышы.

Толымбеков Каримсеит, «Қапал орман шаруашылығы» КММ

№ 10 айналымының орман күтушісі