Бірлікті нығайтқан мереке

448

Талдықорғанда «Жетісу шұғыласы» фестивалі өтті. Іс-шара облыстық орыс орталығының ұйымдастыруымен Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығы аясында Славян жазбалары мен мәдениеті күніне арналды.

Шараға Қапшағай, Қаратал, Іле, Сарқан, Еңбекшіқазақ аудандарынан келген өнер иелері қатысты. Концерттік бағдарлама Ұлы отан соғысынның жауынгерлеріне арналды.
Мерекелік іс-шара Текелі қаласынан келген «Эдельвейс» театр-студиясының «Брест қамалының қызыл тастары» атты қойылыммен ашылды. Отан үшін отқа түскен қазақ жауынгерлерінің бір сәттік көрінісін баяндаған қойылым, көрермендердің көзіне еркісіз жас сыйлайды. Әскери форма және Брест қамалының көрінісін бейнелеген жабдықтардың бәрі өткен өмірден белгі беріп тұрғандай әсер етті.
Кішкентай бүлдіршін Марья Молчанованың «Я фильм смотрела о войне» деген тақырыптағы өлеңі көрермен жүрегіне жол тапты. Соғыс кезінде шырқалған әндерге шолу жасалды.
Концерт соңында «Қоғамдық келісім» мекемесі барлық қатысушыларды Алғыс хат және сыйлықтармен мараппаттады. Облыс бойынша 19-шы мәрте аталып өтіп отырған фестиваль жоғарғы деңгейде өткізілді.

А.ҚҰСЫМАНҚЫЗЫ.

Бөлісу:

ПІКІР ЖАЗУ