Екінші толқынды елемей жүр

0
1977

Індет жайлап, еліміз алғаш рет карантинге жабылғанда халық: «барлығы өтірік, ешқандай індет жоқ, бұл жоғарыдағылардың ойлап тапқан саясаты» деп айтты. Карантин режиміне бағынбай, себепсіз сыртқа шығып, бетперде тақпай, бұл аурудың қауіпті екеніне, тіпті, құлақ аспады. Енгізілген шектеулерді шенділер де, шекпенділер де елемей, жауапқа тартылған жайттар жетерлік. Халық алдына шығып кешірім сұрайды, сонымен іс жабылады. Шілде, тамыз айларында індет өршіп, халық тіпті ауруханаға сыймай, үйде емделіп жатты. Бұл кезде де, қараша қауым дәрігерлердің кеңестерін құлаққа ілмей, өз бетінше дәрілер қабылдап, үй жағдайында ем жасады. Ол да өз кезегінде ауруды ауыздықтауға кедергі келтірді. Той-жиындар тоқтамай, жасырын өткі-зіліп, сол жерден ауырып қайтқандар қаншама.
Тамыз айынан бері коронавирустың екінші тол-қыны болады деп дабыл қағылып жатса да, елімізде сақтық шаралары бәсеңдеген күйі қалып қойды. Көшедегі халық бетпердесіз, антисептик деген мүлде ұмытылды. ДДСҰ қатаң ескертулеріне қарамастан елімізде кинотеатрлар ашылып, жұмысын жалғастыруда. Санитарлық талаптардың қатаң сақта-луымен дейді-мыс. Бірақ қайдам…
Әлеуметтік желіде Талдықорған қаласындағы №28 мектептің 3-сынып оқушысынан COVID-19 инфекциясы анықталды деген ақпарат тарап кетті. Соған қарамастан Премьер-Министр Асқар Маминнің төрағалығымен коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі Ведомствоаралық комис-сияның отырысында ата-аналардың өтінішімен оқушылар саны 300-ге дейінгі мектептер дәстүрлі оқу форматына көшеді деген шешім қабылданды. Сонымен қатар мешіттерде жұма намазынан бөлек, бес уақыт намазды мешітке барып оқуға да рұқсат етілді.
Адам көп шоғырланған жерде індеттің тез тарлатыны барлығымызға мәлім. Үш адамнан артық жиналуға тыйым салып жүрген үкімет 300 адамға қалай рұқсат берді деген сұрақ санада сайрап тұр. 28 қазан күні Алматы облысының бас санитары екінші толқынның алдын алу мақсатында карантиндік шаралардың күшейтілуі туралы қаулы жариялады. Екінші толқын қатты болады дегенді ести тұра, сақтық шаралары сақталмай жатыр. Неге?

М.АКМАТОВА.


ПІКІР ЖАЗУ