ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ 30 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН МУРАЛ
Жетісу облысы, Талдықорған қ., Қаратал ы.а. 18/2 мекенжайында Қазақстан халқы Ассамблеясының маңызын бейнелейтін мурал салынды. Қабырға суреті достық қарым-қатынасты сақтаудың, еліміздегі татулықты айшықтаудың, сондай-ақ мәдени әралуандықтың символы болды. Мурал толықтай аяқталды және көпшілік назарына ұсынылды.
Аталмыш мурал Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдық мерейтойына арналған және еліміздегі этностардың татулығын, достығын және мәдени ортасын бейнелейтін ерекше көркем туынды. Суретте түрлі этнос өкілдері, ұлттық ою-өрнек, достықты білдіретін символдар мен Ассамблеяның мерейтойына қатысты элементтер көрініс тапқан. Мурал – жастарға патриоттық тәрбие берудің, ұлттық бірлікті дәріптеудің жарқын үлгісі болмақ. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев: «Бейбітшілік пен бірлік – болашағымыздың кепілі, онсыз келешек жоқ», – деп атап өткен болатын.
Мурал авторлары – жас қазақстандық суретшілер тобы. Жобаның идеясы мен көркемдік тұжырымдамасы Жетісу облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы мен жергілікті шығармашылық ұйымдардың қолдауымен жүзеге асырылды. Бұл бастама – қоғамның мәдени санасын арттыруға, көркем-эстетикалық кеңістікті жандандыруға бағытталған маңызды қадам.
Муралдың идеясы – Жетісу облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы мүшелерінің бастамасымен жасалған. Қабырға суретінде түрлі этностың ортақ болашағы, ұлттық құндылықтарды біріктіретін бейнелер қамтылған. Әр элемент – халқымыздың ортақ тарихы мен мәдениетіне тағзым.
Осы ойды негізге ала отырып, біз қала тұрғындары мен қонақтарын муралдың қорытынды нәтижесін көруге шақырамыз.