Еңбек ұжымымен кездесті

0
1904

 «Nur Otan» партиясынан облыстық мәслихат депутаттығына үміткер Асқар Сүлейменов Талғар ауданындағы «КПК ZETA Талғар» зауытының жұмысшыларымен жүздесті. Асқар Фазылұлы партияның сайлауалды бағдарламасын жан-жақты түсіндіріп, алдағы жоспарымен бөлісті.

Аталмыш зауытта 600 адам жұмыс істесе,  оның  8-і  мүмкіндігі шектеулі азамат. Жылдық айналым мөлшері 7 миллиард теңгені құраса, соның ішінде 1,2 миллиард  теңге жылдық салықты өтеуге жұмсалады. Кездесуге Талғар аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлер Сұлтан Нұрдаулетов, Амангелді Сембаев, Мақсұт Омарбаев, Бақыт Күрішбеков, Роза Баракова  да қатысып, ауданның өсіп-өркендеуі туралы баяндады.

«Nur Otan» партиясының Талғар ауданы бойынша сайлауалды бағдарламасын тілге тиек еткен үміткер Асқар Сүлейменов: «2025 жылға қарай шамамен 8 мың жаңа жұмыс орнын құруға, жалақыны 137 мыңнан 190 мың теңгеге дейін арттыруға, жұмыссыздық деңгейін 4,2 пайыздан 3,8 пайызға дейін төмендетуге мүмкіндік бар. Кемінде 8 ірі инвестициялық жоба іске асады.   2021 жылы Талғар қаласында медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы өндіру зауыты салынады», – деп 2022 жылы Кеңдала ауылдық округінде алма сидрін өндіру цехының құрылысы, 2023 жылы Нұра ауылдық округінде күн электр станциясының құрылысы басталатынын айтты. Соынмен қатар, 2025 жылы «KHAN 21 HOLDING» ЖШС Оңтүстік Корея компаниясы Талғар өзенінде су электр станциясын салынатынын да тілге тиек етті.

Кездесу соңында үміткерлер қойылған сұрақтарға жауап беріп, жұмысшыларды алдағы маңызды саяси науқанға атсалысуға шақырды.

«Nur Otan» партиясы Алматы облысының

 Сайлау қоры  қаражатынан  төленді.

 

 

 


ПІКІР ЖАЗУ