Олимпиадалық үлгідегі бассейн ашылды

0
1201

Астана күніне орай және Тәуелсіздіктің 30 жылдығы аясында Талдықорған қаласында Орта Азияда теңдесі жоқ жүзу бассейні ашылды.

Нысанның салтанатты ашылуына облыс әкімі Амандық Баталов, мемлекет қайраткері, генерал-лейтенант Амангелді Шабдарбаев, ҚР Ұлттық Олимпиада комитетінің бас директоры Нұрлан Нөгербек, Парламент Сенаты мен Мәжілісінің бірқатар депутаты мен Ермахан Ыбрайымов, Илья Илин, Ардақ Назаров сияқты бірқатар чемпион спортшылар қатысты.

Өз кезегінде облыс әкімі Амандық Баталов: «Елбасы мен Президенттің еліміздегі спортқа көңіл бөлу туралы тапсырмаларына сәйкес бүгінде Алматы облысында 13 дене шынықтыру сауықтыру кешені жұмыс істеп тұр. Бүгін, міне, әлемдік стандартқа сай, Орта Азияда теңдесі жоқ жүзу бассейні салтанатты ашылуда. Бұл нысан өскелең ұрпақты спортқа баулуға үлкен серпін береді және осы жерден еліміздің даңқын шығаратын мықты спортшылар тәрбиеленіп шығады деп сенемін», – дей келе  індет жағдайында нысанның құрылысына аса  жауапкершілік танытып, сапалы жүргізген «Базис-А» компаниясының ұжымына шынайы ризашылығын білдірді.

«Bazis-A» халықаралық құрылыс компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы Александр Белович нысанның символдық кілтін «Талдықорған орталық жүзу бассейні» облыстық су спорт түрінен мамандырылған спорт мектебінің директоры М.Сүйіновке тапсырды.

Нысанда жаттығам деушілерге су добы, суға секіру, аквааэробика сияқты жүзудің барлық түрі бар.  Бассейн жыл бойы түрлі деңгейдегі спорттық жарыстар өткізуге, сол сияқты азаматтарды саламатты өмір салтына бейімдеуге, балаларды жүзуге үйретуге арналған. Мүмкіндігі шектеулі жандарға да барлық жағдай жасалған. Алдағы уақытта триатлон, байдаркада есу, каноэ және басқа да бөлімдер ашу жоспарда бар.

Жүзу  орталығында   республикалық және халықаралық деңгейдегі жарыстар өткізуге  де мүмкіндік бар.

 

А. ӘСКЕРБЕКҚЫЗЫ.

 


ПІКІР ЖАЗУ