Ғылыми-практикалық конференция

0
1140

Талғар ауданындағы «Байсерке агро» агрохолдингі базасында өткен «Ауыл шаруашылығында ғылым мен жаңа технологиялар жетістіктерін енгізудің инновациялық тәсілдері туралы» конференциясы өтті. Бұл туралы Алматы облыстық мәслихатының баспасөз қызметі хабарлады.

Конференцияға Сенат Төрағасы М.Әшімбаев пен Сенатқа қарасты комитет мүшелері – депутаттар, облыс әкімі А.Баталов, ауыл шаруашылық саласы бойынша тиісті мининстрлікпен комитет басшылары,  облыстық мәслихат хатшысы Жанболат Жөргенбаев, профессор-академиктер, ғылыми білім орындарының өкілдері, «Байсерке агро» агроходлинг басшылығы қатысты.

Шараға арнайы келген Сенат Төрағасы агроөнеркәсіп кешенінің ғылыми және техникалық жетістіктер көрмесімен, селекциялық жолмен асыл тұқымды мал алу жұмыстарымен және сүт, жылқы өнімдерін алудың роботтандырылған тәсілімен танысты. Сонымен қатар  Мәулен Сағатханұлы Мемлекет басшысы ауыл шаруашылығын дамытуға ерекше көңіл бөліп отырғанын айтып, агроөнеркәсіп кешенін қолдау Сенат жұмысының да негізгі басымдықтарының бірі екенін тілге тиек етті. Мұнымен қоса ол   елді алаңдатып отырған қуаңшылық мәселесіне және соған байланысты кейбір өңірлердегі мал шығынына назар аударып, бұл түйткілді шешу үшін Ауыл шаруашылығы министрлігі тиісті шаралар қабылдауы керектігін жеткізді.

 

«АЛАТАУ-АҚПАРАТ»


ПІКІР ЖАЗУ