Өңір тынысымен танысты

0
1243

Жетісу өңіріне іс-сапармен келген  ҚР Парламенті Мәжілісінің  депутаттары Жанна Тельпекбаева, Жанарбек Әшімжан Ұйғыр ауданына да  ат басын бұрды. Бұл туралы Алматы облыстық мәслихатының баспасөз қызметі хабарлады.

Халық қалаулылары «Nur Otan» партиясының «Өзгерістер жолы: әр азаматқа лайықты өмір» сайлауалды бағдарламасының Ұйғыр ауданында іске асу барысы бойынша салынып жатқан әлеуметтік нысандармен танысты. Атап айтқанда,  Шонжы ауылында құрылыс жұмыстары басталған 60 пәтерлі тұрғын-үй нысанын көріп, жұмыс кестесі, құрылыс сапасына мән берді. Депутаттар сайлауалды бағдарламада көзделген әр нысан халық қалаулыларының үнемі назарында болатындығын атап өтті. Сонымен қатар, жергілікті жердегі мәслихат депутаттарына нысанның уақытылы пайдалануға берілуін қатаң бақылап, мониторинг жұмыстарын ұдайы түрде жүргізу қажеттігін жеткізді.

Сапар барысында депутаттар Қарадала учаскесінде орналасқан «Otan Green Food» құс фабрикасына және Кетпен ауылының мәдениет үйіне де  барды.

 

«АЛАТАУ-АҚПАРАТ»

 


ПІКІР ЖАЗУ