Шығармашылықты шыңдаған орталық

0
1056

Самал ТӨЛБАЕВА: «Қызым – Кәусар Тыныштықбайқызы 5 жаста. «Мейірім»  шығармашылық орталығына барып жүргеніне екі айдың жүзі болды. Орталыққа барғалы аз уақыт ішінде көп дүние-ні үйренді. Ол сурет және мүсіндеу үйірмесіне қатысады. Немересінің бойындағы  өнеріне  қарап әжесі де мәз. Орталықтағы ұстаздарының үйреткен заттарын үйге келіп  те жасап, үш жастағы сіңлісіне де үйретіп қояды.

Қаламызда осындай керемет орталықтың ашылғанына өз басым шын қуаныштымын. Балаларымызды өнерге баулып жатқан ұстаздар еңбегі ерекше дер едім. Орталықтың директоры Гүлмира Қуанышқызына,  сурет пен мүсіндеуден  сабақ беретін үйірме жетекшілері Айжан, Клара апайларға айтар  алғысым шексіз, еңбектері жана берсін деймін».

***

Жансая АЛКЕНОВА: «Қызым – Әлім Жанерке Ілиясқызы Талдықорған қаласы Еркін ауылдық округіндегі №26 орта мектебінің 2«ә»сынып оқушысы. Сыныптас-тары арасында беделі бар оқушы. Мектеп шараларына белсенді қатысады. Отбасында ортаншы бала. Кішкентайынан өте зерек  болып өсіп келеді. Өзінің алға қойған мақсаттары мен  жоспарлары өте көп.

Бос уақытында сурет салғанды, түрлі қолөнермен айналысқанды жақсы көреді. Жазғы демалыста «Мейірім» шығармашылық  орталығындағы  «мүсіндеу» және «Оригами» үйірмелеріне жазылып,  қатысып келеді. Үйірмелерден  үйренгендері  мектеп сабағына да  көмек болуда. Осындай  орталықты ашып,  балаларға үлкен мүмкіндік беріп келетін   Айдабосынова  Гүлмира Қуанышқызына отбасымыздың  атынан үлкен

рахмет айтамын. Жұмыстары  тек алға бассын!

Білім және қол өнердің  әр саласын,

Тек «Мейірім» орталықтан табасың, тамсанасың.

Үйретуден талмаған  қанаттары,

Орталықтың ұстаздары мың жасасын!»

ӨЗ ТІЛШІМІЗ


ПІКІР ЖАЗУ