Қуанса, бала қуансын

131

Жаңа жыл мерекесі қарсаңында Ескелді ауданы полиция бөлімінің басшылығы мен жеке құрамы тәттілер мен естелік сыйлықтар алып, қызметкерлердің балаларын құттықтады.

Полиция басшылығы, Аяз ата мен Ақшақар бастаған топ мерекелік құттықтауларды қайтыс болған әріптестерінің үйлерінен бастады. Ескелді ауданы полиция бөлімі бастығының орынбасары, полиция майоры Нұрлан Солтубековтың айтуынша, жаңа жылдық мерекенің басын қаза болған әріптестерінің бүлдіршіндерін құттықтаудан бастауды жөн санапты.
«Біз қайтыс болған әріптес-тердің балаларына мерекелік көңіл-күй сыйлауда олардың балаларына тәттілер, ал жұбайына гүл дестесін табыстадық. Әке жолын жалғайтын өжет ұлдардың ер жетіп келетнін қуандық. Жаңа жыл құтты болсын!», – деді Нұрлан Солтубеков.
Аудандық полиция бөлімі бастығының сөзінше, бұл бір реттік қана шара емес. Алдағы уақытта да осындай ізгі шараларды жалғастырмақ ойда екен. Ал балалардың жүзіндегі қуаныш пен күлкі барлық қиыншылықты ұмыттырып жіберді дейді ол.
Айта кетейік, полиция бөлімінің басшылығы мен жеке құрам 2017 жылы қайтыс болған табиғат қорғау тобының инспекторы, полиция капитаны Ермолдин Саят пен биыл өмірден өткен балалар ісі жөніндегі инспектор, капитан Рахметов Қуаныштың отбасында болды.

«АЛАТАУ-АҚПАРАТ»

Бөлісу: