Үгіт-насихат жұмысы жалғасуда

1118

«Nur Otan» партиясы Талдықорған қалалық филиалы штаб мүшесінің «Қамқор» балалар үйінің еңбек ұжымымен онлайн режиміндегі жүздесуі өтті.  

Үгіт-насихаттық жүздесуде «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасы талқыланды.

Нақты айтсақ, «Nur Otan» партиясы қаланы дамытудың  7 басым бағытын өзінің сайлауалды бағдарламасында айқындады. Оның басты мақсаты – халықтың өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын үнемі жақсарту үшін жағдай жасау.

Білім берудің барлық деңгейінде сапалы білімге қол жеткізуді қамтамасыз ету облысты одан әрі дамытудың маңызды шарты болып табылады.

COVID-19 пандемиясы білім беру тәсілін өзгертті. 2020 жылы коронавирустың таралуына қарсы күрес аясында 2020-2021 оқу жылының 2 тоқсанында 760 мектептің 428 574 мың оқушысының 347 998; ТжКБ жүйесінің 416,8 мың оқушысы және 26,7 мың студенті қашықтықтан оқытудың жаңа форматына көшті.

 

Осы мақсатта «Nur Otan» партиясы төмендегідей міндеттер қойып отыр: 3 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен 100% қамтуды қамтамасыз ету және 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды қамтуды 85% – ке дейін ұлғайту; жоғары және бірінші санаты бар педагог кадрлардың үлесін 43% -ға дейін арттыру, оның ішінде өңірге жаңа кадрларды тарту есебінен ұлғайту; үш ауысымды оқытуды жою үшін 24 680 орындық 40 жаңа мектеп салу; 39 бейімделген мектептің орнына 6260 орындық 49 жаңа мектеп салу; 101 білім беру нысанын  күрделі жөндеуден өткізу. Нәтижесінде 2025 жылы  ҰБТ-да 100-ден астам балл жинаған мектеп түлектерінің үлесі  5 пайызға артады.

«АЛАТАУ-АҚПАРАТ»

 

 

 

 

 

 

 

Бөлісу: