Ұстазы жақсының – ұстамы жақсы

0
932

Айдана ЕШЕКЕЕВА:  «Балаларым — Жұлдызай мен Әли екеуі  «Мейірім» орталығына барғалы біраз нәрсе үйренді. Жұлдызайды оригами мен кестелеуге, Әлиді мүсіндеу үйірмесіне жаздырып едім.  Күн санап жақсы нәтиже көрсетіп келеді.

Жұлдызайдың есімін өзім қойған едім. Өмірі жұлдыз бен айдай жарық болсын деп. Жасы сегізде. Ол сыныптастары арасында   үлгілі  оқушылардың бірі болып табылады. Өте бауырмал, үнемі інісіне қамқор болып жүреді. Үйірмеге қуана барып жүр. Кішкентайынан  қол өнерге жақын,  осы жағы әжесіне ұқсады. Себебі әжемізде қол өнер шебері.  Ал Әли мүсіндеу  үйірмесіне  барып жүр. Оның  жасы төртте. Орталыққа бар-ғалы ұстаздардың арқасында көп нәрсені үйренді.  Осындай  үйірмені ашқан жанның талабы таудай, сауабы сансыз болсын.  Алладан сауаптар болып қайтсын.  Клара, Нұргүл апайларға да алғысым шексіз. Ұстазы жақсының ұстамы  жақсы деген. Олардың әр ісі балаларға үлгі. Осы орталықтағы әр баланың  өнердің өрінде жүруін тілеймін».

ӨЗ ТІЛШІМІЗ


ПІКІР ЖАЗУ