Автобус паркіне 38 жаңа автобус берілді

0
919

ТАЛДЫҚОРҒАННЫҢ АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ОРТАЛЫҒЫ БОЛҒАНЫНА БИЫЛ ЖИЫРМА ЖЫЛ. ЖЫЛДАН ЖЫЛҒА ТОТЫ ҚҰСТАЙ ТҮРЛЕНІП КЕЛЕТІН ҚАЛАНЫҢ СӘУЛЕТІН, КЕСКІН-КЕЛБЕТІН КӨРГЕН ЖАННЫҢ КӨЗІ ТОЯДЫ.

Заманауи үлгідегі салынған,  сәніне салтанаты жарасқан ғимараттар мен көкке бой көтеріп, күн нұрымен шағылысқан көп қабатты зәулім үйлер, минут сайын толысқан тайбурылды көз алдыңызға елестеді. Көрікті қалада тұрғындар саны да жыл сайын артуда. Заман ағымына қарай бейімделіп, нарық талабына орай қам-қарекетке көшкен облыс орталығында автобус парктерін жаңарту бойынша 2021 жылы «Жетісу» ӘКК РИР АҚ арқылы жалпы құны 2 321 462 000 теңге болатын 55 автобус сатып алу жоспарланған. Сатып алынған автобустар тасымалдаушыларға жылдық 4 пайыздық сыйақы мөлшерлемесімен 7 жыл мерзімге лизингке берілмек. Бүгінгі таңда «QAZTEHNA» ЖШС және «Daewoo Bus Kazakhstan» ЖШС-мен Ютонг маркалы 28 автобус және 18 Паз сатып алуға шарт жасалған. Оның ішінде Ютонг маркалы 28 автобус (25 автобус — 8,5 м, 3 автобус — 10,3 м) және 4 ПАЗ қалаға жеткізілді. ПАЗ И9 Ютонг маркалы автобустардың қалған 14 бірлігі 2021 жылдың соңына дейін жеткізілмек. Талдықорған қаласында осы жаңадан алынған автобустарға Қонаев көшесі, 11 мекен жайы бойынша газбен жұмыс істейтін жанармай құюға арналған автомобильдік газ толтыру компрессорлық станциясының (АГТКС) құрылысы іске қосылды. Енді қала бойынша әлеуметтік маңызы бар жолаушылар тасымалын жүзеге асыруға байланысты тасымалдаушылардың шығындарын субсидиялау мақсатында комиссия (Қала әкімінің 21.02.21ж. №5 өкіміне сәйкес құрылған) тасымалдаушылар ұсынған шығындар есебін қарап, Талдықорған қаласының әлеуметтік маңызы бар қатынастар тізбесінде жасалды. Алматы облыстық мәслихатының 28.07.2021 жылғы №7-46 «Алматы облысының әлеуметтік маңызды қатынастарының тізбесін айқындау туралы» шешімі бекітіліп, әлеуметтік маңызы бар автомобиль қатынасын субсидиялаудың 3 жылға арналған болжамды көлемі — 3 212 330 112 теңгеге бағаланған. Қала ішіне қатынайтын тозығы жеткен автобустарды жаңарту мақсатымен облыс орталығында Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына орай «Жетісу» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы өңірлік даму институты акционерлік қоғамымен алынған 38 жаңа автобус жолаушылар тасымалдайтын автопаркке берілді. Осы 38 автобустың 28-і қала маршрутына шықса, 10 автобустың құжаттары рәсімделіп пайдалануға берілмек. Қалған 17 автобус жылдың аяғына дейін әкелінбек. Су жаңа көліктердің кілтін Алматы облысының әкімі Амандық Баталов табыс етті. Бұған дейін әбден тозығы жеткен пайдалану мерзімі әлдеқашан өтіп кеткен автобустар енді санаттан шығарылып, жаңа автобустар қала тұрғындарына қызмет көрсететін болды.

                                                                                                                                                                        ӨЗ ТІЛШІМІЗ

 

 


ПІКІР ЖАЗУ