«NUR OTAN-ның» нұрлы істері

0
1224

«Nur Otan» партиясы әу бастан елдің мұң-мұқтажына құлақ түріп, өзекті мәселенің құзырлы орындар тарапынан оңтайлы шешілуіне атсалысып келеді.
Жуырда «Nur Otan» партиясы Жамбыл аудандық филиалына Айгүл Заводхан есімді көп балалы ана келіп, өзінің үй кезегіне тұра алмай жүргенін айтқан. Шарасыз жанның жанайқайын естіген партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ы.Амалбек аудандық тұрғын үй шаруашылығы мамандарын шақыртып, А.Заводханның мәселесіне назар аударуды, осы орайда жүйелі жұмыстар жүргізуді тапсырған.
Аудандық тұрғын үй шаруашылығы бөлімінің басшысы Е.Жұртшиев алтын құрсақты ананың құжаттарын қабылдап, үй кезегіне тұрғызылды. Осы тұста көп балалы ана мәселесінің оңтайлы шешімін тауып, жағдайына болысқан нақты істер партиясына алғысын білдіріп, тілеулестігін жеткізді.

* * *

«Nur Otan» партиясына жағдайын айтып, жүгінгендердің қатарында Сарыөзек ауылының тұрғыны А.Кариева да бар. Кербұлақ аудандық филиалына хабарласқан ауыл тұрғыны ауласын су басып, артынша қатты аяздан мұз құрсауға айналғанын айтып, көмек сұраған.
Партияның аудандық филиал төрағасының бірінші орынбасары Г.Камамбаева жедел шешім қабылдап, «Сарыөзек» БПҰ төрағасы Қ.Сұлтанбековке байланысқа шығады. Мәселенің анығына көз жеткізген соң, ауылдық әкімдік пен «Күреңбел су» МКК тарапынан апаттың алды алынып, ауланы жайлаған мұз ойылды. Мұнан бөлек мұз құрсаулары тысқа шығарылды. Партияның уақытында қолұшын созғанына разы болған ауыл тұрғыны шынайы алғысын білдірді.

* * *

«Nur Otan» партиясының өкілдері қайырымдылық жасаудан кенде емес. Мәселен, Райымбек аудандық мәслихаттың депутаты Н.Шымырбаев жуырда ғана Нарынқол ауылындағы көп балалы ананың шаңырағында болып, жалпы құны 100 мың теңгеге азық-түлік пен көмір жеткізіп берді.
Сонымен қатар «Nur Otan» партиясы Райымбек аудандық филиалына Нарынқол ауылының тұрғыны, көп балалы ана Айдана Мұқан қоңырау шалып, отбасында азық-түлік таусылып, көмірсіз отырғанын айтқан. Осы орайда партияның аудандық филиал төрағасының бірінші орынбасары Г.Арипова шешімді жолдарды қарастыруда аудандық мәслихат депутаты Н.Шымырбаевпен байланысып, артынша алтын құрсақты ананың үйіне де дорба-дорба азық-түлік пен қыстан қамсыз шығуы үшін көмір түсіріп берілді.

* * *

«Nur Otan» партиясына көмек сұрап баратындардың қатарында жалғызбасты аналар да бар. Солардың бірі І.Жансүгіров ауылының тұрғыны Сандуғаш Жұматаева жуырда «Nur Otan» партиясы Ақсу аудандық филиалына қыстың көзі қырауда көмірсіз қалғанын айтып, көмектесулерін өтінген.
Партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары К.Дәулетбекова ауданның атпал азаматтарын жиып, жалғызбасты анаға қолұшын созуға шақырған. Осылайша, партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары К.Дәулетбекова бастап, партия мүшесі Б.Шалабаев қостап, жалғыз басты ананың ауласына көмір түсіріліп берілді. Атқамінерлердің қамқорлығына разы болған отбасы мүшелері азаматтық қылғандарға алғаусыз алғысын білдірді.

«Nur Otan» партиясы
Алматы облыстық филиалының
баспасөз қызметі.


ПІКІР ЖАЗУ