Тарихын табыс көзі еткен Түркия

Жұмбаққа толы Джумалықызық

Сапарымыздың үшінші күні де қызыққа толы болды. Топбасшымыз бастап апарған Бұрсаға жақын маңдағы ДЖУМАЛЫҚЫЗЫҚ –Түркияның Мәрмәр аймағында түпнұсқалық тарихы сақталған, бұрынғы үйлері және көшелерімен есте қалатындай жұмбаққа толы бір ауыл екен. Бурсадан 13 шақырым жерде, Ұлытау (Улудаг) етегінде орын алған ауыл тарихи текстурасы мен дәстүрлі өмір салтын қазіргі күнге дейін сақтапты.

Османлы сәулетшілігінің мысалы үйлер, жаңбыр жауған кезде суды алып кететін, көшенің ортасы каналға ұқсатып төселген қисық тасты көшелері мен монументалды құрылымдары ашық аспан астындағы бір мұражай сияқты. Кірпіш үйлері, түрлі-түсті дуалдары да сізді бұрынғы заманға жетелеп апарады.

Тағы бір айта кетерлік қызықты мәлімет, «Қыналы қар» түрік телехикаясы осы ауылда түсіріліпті. Сондай-ақ, әлемдегі ең тар көшелердің бірі де осы жерде екен. Көненің көзіндей болған, 700 жылдық тарихы бар ескі ауылдан естелік болсын деп суретке де түстік.


Осы күні тағы бір табан тірген орын, бұл – КАРАГӨЗ мұражайы болды.Мұражай ішін ара-лап көруде оның екі галереядан тұраты-нын аңғардық. Бірінші галереяда көлеңкелі ойын тарихы туралы, екіншіде, дәстүрлі көлеңкелі ойын коллекцияларынан жи-налған 61 түпнұсқа Қарагөз қуыршақтары қойылыпты.

Дәл осы жерде біз «Қарагөз бен Хадживат» қуыршақ театры қойылымын тамашаладық. Бұл бетпе -бет бір бірлерімен қағыта сөйлесе отырып, қуыр-шақтардың екі өлшем-ді суреттері пердеге түсіріліп қойылатын көлеңке ойыны болып табылады. Негізгі бас кейіпкерлер екеу, есімдері – Карагөз бен Хадживат. Пьесадағы диалогтар адамдарды күлдіре отырып ойландырады.

Жалғасы бар…

Сарби ӘЙТЕНОВА


ПІКІР ЖАЗУ