«Қорғас» шекаралық бақылау басқармасы кубогына арналған спорттық жарыс өтті

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті «Қорғас» шекаралық бақылау басқармасы кубогына арналған волейболдан және кір тасын көтеруден жарыс өтті.
Аталған іс-шара салауатты өмір салтын насихаттау және әскери қызметшілер арасында дене дайындығын арттыру мақсатында ұйымдастырылды. Жарыс барысында қатысушылар өзара бақ сынасып, күш-жігері мен шеберліктерін көрсетті.
Іс-шара жоғары деңгейде өтіп, қатысушыларға көтеріңкі көңіл-күй мен ерекше әсер сыйлады.
ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті
