Шекарашылармен семинар өтті

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаментінің «Қорғас» шекаралық бақылау басқармасында «АИТВ инфекциясының алдын алу» тақырыбында семинар ұйымдастырылды.
Аталған шараға Жетісу облыстық «СӨС орталығы» МКК эпидемиолог мамандары Д.Қуатбекова және М.Каляхметова қатысты.
Семинар барысында жеке құрамға АИТВ инфекциясының берілу жолдары, оның алдын алу шаралары, санитарлық-гигиеналық талаптарды сақтау қажеттілігі жан-жақты түсіндірілді. Сонымен қатар, құпиялылық талаптарын сақтай отырып, АИТВ-ға жедел экспресс-тестілеу жүргізілді.
Іс-шара жеке құрамның денсаулыққа жауапкершілігін арттыруға және жұқпалы аурулардың алдын алуға бағытталды.
ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті
