Шекара бөлімшесінде ұжымдастықты арттыруға бағытталған тренинг өтті

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті Алакөл ауданы бойынша шекара басқармасына қарасты «Үйгентаc» шекара бөлімшесінде «Күз-2025» мерзімді әскери қызметшілерімен ұжымдастықты арттыру мақсатында тренинг ұйымдастырылды.
Аталған іс-шара барысында әскери қызметшілер арасында өзара сенімді қалыптастыру, бірлесіп әрекет ету дағдыларын жетілдіру және моральдық-психологиялық ахуалды нығайтуға бағытталған түрлі жаттығулар мен тапсырмалар өткізілді.
Тренинг нәтижесінде жеке құрамның ұйымшылдығы артып, қызметтік міндеттерді тиімді орындауға деген ынтасы күшейді.
ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті
