Панфилов ауданы мектеп оқушылары арасында әскерилендірілген жарыс өтті

0
23

Панфилов ауданы мектеп оқушылары арасында әскерилендірілген жарыс өтті

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті «Қорғас» шекаралық бақылау басқармасында «Алтынкөл» (теміржолдық) шекаралық бақылау бөлімшесі мен «Қорғас» ШЫҚО бөлімшесінің ұйымдастыруымен Панфилов ауданы мектеп оқушылары арасында әскерилендірілген жарыс өткізілді.
Аталған іс-шараның мақсаты – жасөспірімдер арасында патриоттық тәрбиені қалыптастыру, әскери қызметке қызығушылықты арттыру және салауатты өмір салтын насихаттау болды.
Жарыс барысында оқушылар түрлі әскери-спорттық кезеңдерден өтіп, өздерінің ептілігі мен төзімділігін көрсетті. Қатысушылар белсенділік танытып, жоғары дайындық деңгейін көрсете білді.
Іс-шара жоғары деңгейде ұйымдастырылып, оқушыларға ерекше әсер мен көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті