Жақсылығың жарнамасыз болсын
«Адамның әуелден тоқымашы немесе хатшы болып тумайтыны сияқты, қайырымдылық пен жаман қылық та адамға әуел бастан жаратылысынан дарымайды» (әл-Фараби). Ал жас емен ағашын күтіп баптаған сайын түзу өсетіні секілді, ізгілікті жанына серік еткен ел, баласына жақсы амал жасауды жастайынан үйреткен ел қайырымды ұрпақ өсіреді.
Ізгілікті жанына серік еткен ел тұрғындарының ең игі істерінің бірі – мұқтаж жандарға қамқорлық жасау. Адамдар бір-біріне қайырымдылық, мейірімділік таныту арқылы халық тұрмысы түзелсе, қамқорлықты қажет ететін жандарға қол ұшын беру арқылы ел алға қадам басады.
Қайырымдылық жасау үшін асқан дәулет емес, жүректегі мейірім мен адал ниеттің болуы жеткілікті. Қайырымды жандарды «алтын жүректі адамға» теңейтіні де содан болар.
Мұқтаж жандарға қол ұшын беру – дін тілімен айтқанда үлкен сауап, пендешілік тілмен айтқанда жұртшылықты ризашылыққа бөлейтін өте жақсы іс. Бұл туралы ата-бабаларымыз «Жанашырлыққа жан риза», «Садақа – береке кілті» деп, қамқорлық көрсетуді парыз санап, игі іске шақырған тәмсілдері көп.
Қазіргі уақытта жақсылық жасау, қайырлы іс, көмекке зәру жандар туралы тақырып жиі қозғалып, жақсылы-жаманды пікірлер талқыланып жатады.
Адамгершілікті биік ұстап, кісілікті ту етіп, жаны жаралы жанның жасын сүртіп, жылы лебізін аямай, қолдан келген жәрдемін ұсынып жүрген жақсы жандар туралы да жиі айтылады.
Сонымен қатар, миллионер, тіпті миллиардерлер тойларына пәлен миллион доллар жұмсады дейтін жазбалар қаптап кетті. Соған орай «Ау, сонша ақшаны желге шашқанша, үйсі-күйсіз қиындық көріп жүргендерге баспана алып берсе, қанша сауап алар еді, одан қалды елдің алғысын алар еді» деген қараша қауымның назы да бар. Әрине дұрыс. Бірақ бұл пікірді екінші қырынан алып қарасақ, көмек күтіп дәніккендер қатары да жетіп артылады. Ақша билеген қазіргі заманда «адам адамға дос, бауыр» деген қағидат кейін шегініп, әр пенде қарақан басы үшін ештеңеден тайынбайтын, ар-ұятты жиып қойып, ақша қуатын болып барады.
Осыдан-ақ, қайырымдылықтың негізгі мән-мағынасы мен қамқорлық жасаудың мәдениеті, шынайылығы үлкен тақырып екені көрінеді.
Қамқорлықты дұрыс жасаудың жолы жөнінде «Қымбатшылық дендеген, жұмыссыздар қаптаған, халық тұрмысы төмендеген бүгінгі уақытта материалдық, қаржылай көмекті қажет ететіндер де аз емес. Сондықтан ақшалы азаматтардың әлеуметтік тұрмысы төмен отбасыларға көмек қолын созғаны туралы көп айтылатын болды. Осыған қалай қарайсыз? Яғни, істеген қамқорлығын сүйіншілеген, әлде жасырып жасаған дұрыс па?
Сонда кімге қайырымдылық жасау керек? Оны қандай жолмен жүзеге асырған жөн?» деген сауалдарды оқырманға көлденең тарттық.
Маралтай Райымбекұлы, ақын:
Ислам дінінде «Оң қолыңның бергенін сол қолың білмесін» – дейді. Қайырымдылықпен айналысқан керемет, алайда оны жасырып жасағандар одан да ғажап!
Кәріп-кәсір, жетім-жесірге жасаған қайрымдылықтың сауабы мол деп айтады. Оны жүзеге асыру әркімнің пайым-парасатына байланысты.
Ғазиза Құдай-берген, Жамбыл атындағы жасөспірімдер кітапханасының меңгерушісі:
Қаржылай көмек көрсету – ол да бір жақсылықтың түрі. Ал жақсылық үлкен-кіші болып бөлінбейді. Негізі мүмкіндігінен айырылған, денсаулығы жоқ адамдарға көмектесіп тұрған дұрыс.
Ақпарат үшін болмаса өзі қайырымдылық жасап, өзі сүйіншілеген дұрыс емес. Меніңше, басқалар осы ісімнен үлгі алсын деген мақсат болмаса жариялаудың қажеті жоқ.
Әр басқан ізімізден қайырымдылық есіп тұруы керек. Қайырымдылықсыз дүние қараңғы болатын секілді. Жақсылық деген жұғысты ғой. Осы тұрғыдан алып қарағанда айтылу керек те секілді.
Өз басым қайырымдылық қоры дегендерге сене бермеймін. Тікелей үкіметтік органдар арқылы көмекті қажет ететін жандарға қолұшын созған жөн. Яғни, көмектің тікелей болғаны дұрыс.
Арман Әубәкір, «Адырна» ұлттық-этнографиялық бірлестігінің директоры:
Қаржылы адамдардың қарапайым адамдарға көмектесуіне бір мотивация қажет. Олардың жасаған жақсылығына орай жылы сөз естігісі келуі мүмкін. Немесе оның екінші бір қыры – өзге де азаматтарға ой салады. Бізде қазақта бәсекелестік бар. Мысалы біреу 100 доллар берсе, екіншісі 200 доллар бергісі келеді. Бірінен-бірі асып түскісі келетін жағдайлар бар. Сол тұрғыдан алғанда жарнамалауда тұрған сөгеттік жоқ деп ойлаймын. Ол қайта жақсы әсер етуі мүмкін.
Қайырымдылық жұмыстары қалай жасалынып жатыр, сапалық деңгейі қандай деген бөлек мәселе. Шын мәнінде көзбояушылықпен көмек көрсеткен сыңай танытып, бір адамға көмектесіп мың адамға көмектескен секілді түр жасайтын алдамшылық әрекеттерге барып жүргендер болса, ол әрине ұят жағдай.
Және қайырымдылық жасаған кезде де сауатты түрде жасау керек. Білместікпен ұры-қарының есепшотына ақша аударып, жақсылық жасап жатырмын деп ойлап, ұры-қарыны қаржыландырып отырғанын білмей қалады.
Сондықтан ерінбей зерттеп, көріп, біліп, жағдайымен танысып, көпбалалы отбасыларға, жұмыс істеуге денсаулығы жарамайтын жандарға көмектескен дұрыс болар еді. Кейбір жалқау адамдардың барлық мүшесі сау болса да, жұмыс істеуге ынта-жігері жоқ. Қанша көмектессең де таз қалпына қайтадан түседі.
Сонымен бірге 25-30-дағы жігіттердің қайыр сұрап тұрғанын көргенде ұяласың. Бұл – ұсақталу деңгейінің бір көрінісі.
Қорыта келгенде айтарым: халық та ақ пен қараны ажыратып, көзге көрініп тұрған игі істерді көрсетіп, көтермелеуі керек.
Жанар Дыбысова, қала тұрғыны:
Бұл, менің ойымша, дұрыс емес. Істеген жақсылық-тарыңды бәріне жария етіп мақтансаң, олардың сауабы қалмайды. Қайырымдылық жасадың ба, болды, бітті. Ол туралы сүйінші сұрап, сөз қозғама. Тек өзгелерді қайырымдылық жасауға шақыр.

Шынар ЖЕҢІСҚЫЗЫ