ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҒЫ – МӘҢГІЛІК ҚҰНДЫЛЫҚ

15 мамыр – Халықаралық отбасы күні. Отбасы – адам өміріндегі ең бас- ты құндылықтардың бірі. Тәрбие мен мейірім, құрмет пен қамқорлық секілді асыл қасиеттердің барлығы отбасынан бастау алады. Әлем бо- йынша Отбасы күні 1993 жылы 15 мамырда БҰҰ Бас Ассамблеясының жарлығымен қабылданды. Ал Қазақстанда бұл мереке қыркүйек айының әр екінші жексенбісінде атап өтіледі. Сондықтан берекелі шаңырақ — қоғамның да берік
Қазақ халқы ежелден отбасы тәрбиесіне ерекше мән берген. «Отан- отбасынан басталады» деген сөздің астарында терең мағына жатыр. Біздің еліміз түрлі ұлт пен ұлыстың татулықта өмір сүріп жатқан ортақ мекені. Осындай кең пейілді елде ұлтаралық сыйластықты сақтап, ынтымақпен өмір сүріп отырған интернационалды отбасылар аз емес.
Солардың бірі – Жетісу өңірінде тұрып жатқан Гылко отбасы. Гылко жанұясының отбасылық өмірі 1985 жылдан басталады. Максим Гылко мен Светлана Гылко жастық шағында музыка саласында білім алып жүргенде танысқан. Екеуі де Оңтүстік Қазақстан педагогикалық институтында білім алып, оқып 1985 жылы оқу орнын тәмамдайды. Кейін дәл сол жылы Шымкент қаласында отау құрады. Содан бері бір шаңырақ астында 41 жыл бойы тату-тәтті өмір сүріп келеді. Осы жылдар ішінде олар үш бала тәрбиелеп өсіріп, бүгінде төрт немеренің қызығын көріп отыр. Балаларының барлығы жоғары білім алып, өз мамандықтары бойынша еңбек етуде. Қазіргі таңда ұл-қыздары Алматы қаласында тұрады. Бір немересі Америка Құрама Штаттарында білім алып, өмір сүріп жатыр.
Үлкен ұлдары Иван Гылков инженер мамандығын таңдаған. Қазіргі таңда өз саласында еңбек етіп, отбасын құрған. Үш бала тәрбиелеп отыр.
Екінші ұлдары Дмитрий Гылков шығармашылық саласында еңбек етеді. Ол Алматы қаласында 10 жылдан астам уақыт «LOVE Radio» радиосында жұмыс істеп келеді. Сонымен қатар театр саласында да қызмет атқарып, арасында отандық фильм- дерге түсіп тұрады.
Ал қызы Ирина бүгінде мансап жолында өз орнын тапқан жан. Оның екі жоғары білімі бар. Қазіргі таңда кәсіби бағытта еңбек етіп, карьерасын дамытуда. Отбасы мүшелерінің айтуынша, үш баласының да жоғары оқу орнын тәмамдаған дипломдары бар және барлығы өз мамандығы бойынша жұмыс істейді.
Гылко отбасының ерекшелігі – олар туған жері Қазақстанды, ортақ Отаны ретінде ерекше қадірлейтіндігінде. Светлана Гылко ұлты неміс. Жетісу облысы Қарабұлақ ауылында дүниеге келген. Ал жолдасы Максим Гылко ұлты грек. Шымкент өңірінде туған. Балаларының барлығы Шымкент облысында дүниеге келген.
1990 жылдардың басында бұл отбасы Жетісу облысы Сарқан ауданына қоныс аударады. Оларды бұл жаққа жұмыс бабымен арнайы шақырған. Музыкалық бағытта жоғары білім алғандықтан, екеуі де Сарқан аудандық гуманитарлық колледжінің музыкалық бөліміне жұмысқа орналасады. Содан бері саналы ғұмырларын білім мен өнер саласына арнап келеді.
Гылко отбасының барлық балалары Сарқан қаласындағы №1 мектеп-гимназиясында білім алған. Бүгінде әрқайсысы өз кәсібінің иесі атанып, ел дамуына үлес қосып жүр. Ата-анасының айтуынша, балалары мемлекеттік тілді, қазақ тілін жетік меңгерген. Әр жаз сайын балалары туып өскен жерлеріне келіп, ата-анасының жанында болып, отбасының берекесін арттыра түседі.
Светлана Гылконың айтуынша, Сарқан өңірі олардың жүрегінен ерекше орын алған мекенге айналған.
– Біз қазір өмір сүріп жатқан Жетісу облысы, Сарқан ауданы – ең керемет жерлердің бірі деп ойлаймын. Мұндағы адамдардың кең пейілі, табиғатының әсемдігі бізді бірден баурап алды. Бір кездері Германияға, Грецияға, Ресейге көшуге мүмкіндік болды. Бірақ туған жерден кеткіміз келмеді. Бізді осы жерде бір құндылық ұстап тұрғандай сезілді. Мұндай табиғатты, мұндай адамдарды табу өте қиын, – дейді ол.
Қазіргі таңда Светлана Гылко екі жылдан бері зейнеткерлік демалыс- та. Ал Максим Гылко биыл зейнетке шыққалы отыр. Екеуінің де білім саласындағы еңбек өтілі 40 жылдан асады. Ұзақ жылдар бойы колледжде еңбек етіп, талай шәкірт тәрбиелеген ұстаздар бүгінде еңбекгінің жемісін көріп отыр.
Гылко отбасының өмір жолы – ұлт пен ұлысқа бөлінбей, бір шаңырақ астында татулық пен сыйластықта өмір сүрудің жарқын үлгісі. Олардың өмірінен отбасы құндылығының, еңбекке адалдықтың, туған жерге деген сүйіспеншіліктің айқын көрінісін байқауға болады.
Гылко отбасына мықты денсаулық, ұзақ ғұмыр, шаңырақтарына шаттық пен береке тілейміз. Ұрпақтарының қызығын көріп, әрдайым бірліктері жарасып, немере-шөберенің ортасында бақытты ғұмыр кеше берсін.
Барша Қазақстандықтарды осындай атаулы күн мен шын жүректен құттықтаймыз. Халықаралық отбасы күні, әр адамға отбасының қадірін ұғындыратын маңызды күн. Себебі отбасы берік болса, қоғам да берік болады. Еліміздегі әр отбасы ынтымақ пен бірліктің үлгісі болып, ұрпағымыздың болашағы жарқын болғай!
Дария ТАСҚЫНҚЫЗЫ
