ҮЗДІК ЖАУЫНГЕР

0
14

«Туған жердің аумақтық тұтастығын сақтау – қастерлі борыш. Батыр бабаларымыз ғасырлар бойы жерінің шетін жауға бастырмай, бізге мирас етті. Осы ұлы мұраны көздің қарашығындай сақтау- басты міндетіміз. Біртұтас әрі қуатты мемлекетті ұрпаққа табыстау – негізгі мақсатымыз. Ел іші тыныш, қоғам тұрақты болса, жасампаз әрі өркениетті мемлекетке айналамыз. Яғни, дамыған ел боламыз десек, ең алдымен, бейбітшілік және тыныштық керек. Қарулы Күштеріміз осы қастерлі құндылықтарды қорғауға тиіс!» – деді Мемлекет басшысы – Қазақстан Қарулы Күштері Жоғарғы Бас қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 5 мамырда, Отан қорғаушылар күні қарсаңында өткен Бүкілармиялық кеңесте.

«Ел үшін аянба — ерлігіңе сын, Жұрт үшін аянба-жігіттігіңе сын» деп, Бауыржан Момышұлы айтқандай, Отан алдындағы борышын өтеу — әр азаматтың парызы.
Әскердегі өмір ерді шыңдайды, қорқақты қинайды. Сарбаз өмірінің ең жақсы жері өмірдегі ең сирек кездесетін қасиет – адалдықты, өтірік айтпауды үйретеді.
Жауынгердің жан-жақтылығы мен жалпы дене дайындығының (ЖДД) жоғары деңгейде болуы — оның кәсіби шеберлігі мен жауынгерлік қабілетінің негізі. Бұл тек күштілікті емес, сонымен қатар төзімділік, ептілік, жылдамдық және психологиялық орнықтылықты біріктіретін кешенді процесс. Осындай жауынгерлікке қажетті, лайықты қасиеттер мен отанды сүю, қамқоршы болу сияқты елжандылық рухтағы тәрбиені отбасынан, мектеп қабырғасынан, әскер қатарында жүріп бойына сіңірген Талдықорған өңіріндегі 18404 әскери бөлімінің жауынгелері Талдықорғандық десанттық-шабуылдау әскерлерінің сержанттары Жандарбек Исабеков және Жандос Рақымғазы болды. АҚШ-та өтетін жарысқа жолдама алғандығын ақпарат желісінен естіп қуанған едік. Америкадан жүлделі оралған жауынгер Жандос Маратұлымен сұхбаттасудың сәті түсті.
— Жауынгер Жандос, қашаннан бері өзіңізді осындай спорттық формаға келтірдіңіз?
— Әскерде жүргеніме 14 жыл болды. Қазіргі уақытта 18404 әскери бөлімде ДҚР ротасында бөлімше командирі лауазымындамын. Спортпен мектеп қабырғасында жүрген кезден айналысатынмын. Қазір соның арқасында талай жетістіктерге жеттім. 2025 жылдың қыркүйек айында Қазақстан үздік сержанттар арасында жарыстар өтті. Ол жарысқа Қазақстанның барлық әскери бөлімдерінен қатысты. Жауынгерлер арасында өткен «Үздік» жауынгер жарысына 97 адам қатысып, солардың ішінен мен барлық номинациялар (Турникке тартылу, қоссырық (брусья), гир көтеру, 15 келі жүк арқалап 22 шақырымға жүгіру, кеудені жерден көтеру, мылтық ату т.б.) бойынша жоғары нәтиже көрсетіп үздік жауынгер атанып, АҚШ-та өтетін жарысқа жолдама алдым.
Ақпан айының басынан бастап сол жарысқа дайындалдық.
Жарыс АҚШ мемлекеті Нью — Мексико штаты Санта-фе қаласында өтті. Жарысқа Американың 8 штатынан және 4 мемлекет қатысты.
Санта-Фе — Нью-Мексико штатының астанасы және әкімшілік орталығы, ол АҚШ-тың оңтүстік-батысында орналасқан. 1610 жылы негізі қаланған бұл қала АҚШ-тағы ең көне штат астанасы болып саналады.
4 мемлекетті атап өтсек, олар:
1. Фиджи Республикасы — Тынық мұхитының оңтүстік-батыс бөлігінде, Меланезияда орналасқан тәуелсіз аралдық мемлекет. Географиялық орналасуы: Австралиядан шығысқа қарай, 300-ден астам аралдан (оның 100-ге жуығында адам тұрады) тұратын архипелагта орналасқан. Астанасы Сува қаласы.
2. Гуан (халықтың аты): Бұл Гананың (Батыс Африка) орталық және оңтүстік аймақтарында тұратын ақан халықтарының бір тобы.
3. Тонга (ресми атауы — Тонга Патшалығы) — Тынық мұхиттың оңтүстік-батыс бөлігінде, Полинезияда орналасқан тәуелсіз мемлекет. Орналасқан жері: Океания, 170-тен астам аралдан тұратын архипелаг.
Мемлекеттік құрылымы: Конституциялық монархия, Тынық мұхитындағы жалғыз патшалық. Астанасы: Нукуалофа.
4.Қазақстан Республикасы
Қазақстан елінен 2 «үздік жауынгер». 8.км қашықтыққа 18.кг салмақты көтеріп, жүгіру кезінде және Жалпы дене дайындығы жағынан Қазақстан мемлекеті «үздік» атанып 1-орынды алдық.
Жол, жатар орын шығынын өздеріңізден болды ма әлде әскери бөлім бюджетінен ба?
Барлық жол, жатар орын, тамаққа жұмсалатын қаражатты түгелдей әскери бөлімнің өз қаржысынан өтелді.
Өзің кіші командир екенсің. Қарамағыңдағы жауынгерлермен тікелей жұмыс жасайсың. Олардың да жалпы дене дайындығын өзің сияқты дайындайтын боларсың?…
Әрине. Қазірдің өзінде олардың дайындығы жан-жақты жоғары деңгейде.
Жақсы қуанышты әңгімеңізге көп рахмет, сізге зор денсаулық әскери ісіңіздің әрқашан нәтижелі болуына тілектеспіз. Мықты жауынгерлерді дайындау барысында шаршамайтын күш-қуатты болыңыз!
Әрбір Отан қорғау жолындағы ер азамат (жауынгерлер) Жандос сияқты болса біздің мемлекетіміздің жалауы мәңгілікке желбіреп тұратынына күмәнсіз сеніп жүретін боламыз.

Сембек СОЛТАНҰЛЫ