ЕСІРТКІГЕ ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ

0
10

Жетісу облысында нашақорлықтың алдын алу және есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өңірлік штабтың кезектен тыс I отырысы өтті. Жиынды штаб төрағасының орынбасары Марлен Көлбаев жүргізді.

Отырыста жыл басынан бергі профилактикалық жұмыстардың нәтижелері талқыланып, 25 мамыр мен 30 маусым аралығында өтетін Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күніне арналған айлық іс-шаралары қаралды.
Жиын барысында жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, тұрғындармен түсіндіру жұмыстарын күшейту, әлеуметтік желілер мен бұқаралық ақпарат құралдарындағы ақпараттық жұмыстарды жандандыру мәселелеріне басымдық берілді.
Сонымен қатар құқық қорғау органдарына есірткінің заңсыз айналымына қарсы жедел-іздестіру шараларын күшейту, синтетикалық есірткі тарату арналарына мониторинг жүргізу және интернет арқылы таралатын заңсыз контентті анықтап, бұғаттау жұмыстарын жандандыру тапсырылды.

ӨЗ ТІЛШІМІЗ