ҚҰРЫЛЫС БАРЫСЫН ТЕКСЕРДІ

0
12

Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев Талдықорған қаласындағы әлеуметтік нысандар мен тұрғын үйлердің құрылыс барысын тексерді. Жұмыс сапары кезінде өңір басшысы құрылыс сапасы мен мерзімінің қатаң бақылауда екенін атап өтті.

Алдымен әкім «Жастар» саябағындағы автоматты суару жүйесін орнату жұмыстарымен танысты. Қазіргі таңда желілердің басым бөлігі төселіп, құрылыс жоспарланған мерзімнен жылдам жүргізілуде. Сонымен қатар саябақты абаттандыру, орындықтар мен қоқыс жәшіктерін ретке келтіру тапсырылды.
Сапар барысында 500 адам қабылдайтын жаңа емхананың құрылысы да назарға алынды. Нысанда әрлеу және инженерлік жұмыстар қарқынды жүріп жатыр. Жоба биыл тамыз айында аяқталады деп күтілуде.
Сондай-ақ, 300 орындық «Білім-инновация» лицей-интернатының жаңа ғимараты мен «Бірлік», «Ынтымақ» шағын аудандарындағы тұрғын үйлердің құрылысы тексерілді. Аймақ басшысы анықталған кемшіліктерді қысқа мерзімде жоюды тапсырып, барлық нысандар уақытында әрі сапалы тапсырылуы тиіс екенін айтты.

«АЛАТАУ-АҚПАРАТ»