Жұмыссыздар саны азаяды
Облыстық мәслихат депутаттығына үміткер Сабетбек Нұрсейітов «ZOOM» бағдарламасында ауылшаруашылығы өкілдерімен кездесу өткізді. Кездесуде үміткер «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасында ауылшаруашылығын өрістетуге негізделген басым бағыттарға тоқталып, жалпы еліміздегі жүйелі жұмыстарды сөз етті.
Мұнан бөлек, ауылдағы ағайынның тұрмысындағы мәселелер тыңдалды. Ауыл – қазақтың қара шаңырағы, алтын бесігі. «Ауыл көркейсе, ел өркендейді» деген тәмсіл бар. Қазір ауылдың өркен жайып, дамуы үшін атқарылып жатқан шаруа шаш етектен. Түрлі мемлекеттік бағдарламалар арқылы ауылдағы ағайынның көсегесі көгеруде. Сондай-ақ, мал, өсімдік шаруашылықтарын ілгерілету де партия назарынан тыс қалмайды. Мәселен, қосымша суармалы 5,7 мың га жерді іске қосып, 67 мың га суармалы жер қайта қалпына келтірілмек. Суармалы егіншіліктің де жылдан-жылға өз қиыншылығы туындап келе жатқаны байқалуда. Осы ретте 163,1 мың га жерге ылғал үнемдеу технологиясын қолдану көзделсе, тамшылатып суару әдісі арқылы егін егу көлемін 13,8 мың га жерге жеткізу сайлауалды бағдарлама арқылы жүзеге аспақ.
– «Nur Otan» партиясы елді мекендерді әлеуметтік игіліктермен қамтамасыз етуге, жол және көлік инфрақұрылымын, тұрғын үй-коммуналдық саланы жаңғыртуға, сондай-ақ өңірдегі қолайлы экологиялық жағдайды сақтауға бағытталған «Құтты мекен», «Ауыл-ел бесігі» жобаларын іске асыруға жәрдемдеседі, – деген Сабетпек Нұрскейітов ауыл мен қала, аудан орталықтарын байланыстыратын жолдардың сапасы да жақсаратынын айтты. – Әрине, ауылдағы ағайынның сапалы ауыз сумен қамтамасыз етілуін, балабақша мен мектептердің жаңалануын сайлауалды бағдарламасында негізгі бағыт етіп отырмыз. Сондықтан алдағы саяси науқанда әрбір қазақстандықты белсенді болуға және , нақ істер партиясы — «Nur Otan» партиясына дауыс беруге шақырамын. Біз қандай қиындық болмасын бірге еңсереміз.
Осы секілді ауқымды істерді сөз еткен Сабетбек Нұрсейітов ауылдағы жұмыссыздық жайын да тарқатты. Оның айтуынша, партия осы мәселені шешуді негізгі бағыты етіп алған. Өңірдің сайлауалды бағдарламасында көрсетілгендей алдағы жылы 69,9 мыңнан астам адамды жұмыспен қамтуды көздеп отыр. Оның үштен бірі «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы өзегінде жүзеге аспақ.
«Nur Otan» партиясы Алматы облысының
Сайлау қоры қаражатынан төленді.