Вакцинациялаудың екінші кезеңі басталды

0
1541

Талдықорған қаласындағы № 1 емханада облыстық аурухана директоры Анарбек Монголхан, инфекция бөлімшесінің меңгерушісі Сая Қанатқызы бастаған медицина мамандары араға үш апта салып қайта «Спутник V» вакцинасын ектірді. Бас дәрігердің айтуынша, екінші рет екпе салғанда алдыңғы вакцинаның әсері күшейеді. Әрі ағзаның иммунитеті артады.Еске сала кетейік, вакцинациялау басталған 1 ақпаннан бері облысымызда 920 адам екпе салдырды.

* * *

Коронавирустық инфекцияға қарсы екпе егу қатарынан Алматы облысының бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері де шет қалмағандығын айтқан едік. Алғашқылардың бірі болып екпе алған облыстық «Огни Алатау» газетінің журналисі Жанар Мықтыбаева да вакцинаның екінші компонентін алды.
Әріптесіміздің сөзінше, екпе алған алғашқы күнде ешқандай кері әсер болмаған. «Ағзада ешқандай өзгеріс байқалған жоқ. Бәрі жеңіл өтті. Вакцинаның екінші компонентін қабылдадым. Бұл жолы да жағдайым қалыпты», – дейді ол.
«Jetisy Media» ақпараттық алаңында өткен баспасөз мәслихатында белгілі болғанындай, Жетісу өңірінде 22 ақпаннан басталған екпе егудің екінші кезеңіндегі екі күн ішінде «Спутник V» вакцинасы 124 адамға салынған.

С. ҚАСЫМБЕКҚЫЗЫ.


ПІКІР ЖАЗУ