Қауіпсіздік шарасы күшейтілуде

0
1471

Ел мектептеріндегі қауіпсіздікті арнайы күзет мамандары қамтамасыз ететін болады. Бұл туралы Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Мұрат Баймұқашев мәлімдеді.

Бүгінде 11 облыста 408 мектеп қана күзет компанияларымен шарт жасасқан. Алдағы уақытта білім беру мекемелеріндегі техникалық жабдықтау мен балаларды ғимаратқа кіргізу жүйесінде өзгеріс болады. Себебі қазір білім беру ұйымдары террорлық әрекеттерге төтеп бере алмайды. Осы орайда  барлық қазақстандық мектеп видеобақылау камералары мен дабыл қағу жүйесін орнатуға міндеттелді. Айта кетейік, бұған Қазан қаласында болған оқиға түрткі болды. Сондай-ақ ІІМ мектептердегі тыйым салған заттарды атап өтті. Бұл қару, пышақ, кастет сынды бала өміріне қауіп төндітерін құралдар. Сонымен қоса жарылғыш құрылғылар, бүріккіш бояулар, пиротехника және газ құтыларын да әкелуге тыйым салынады. Осы категория бойынша Петропавлда инклюзивті білім беретін ресурстық орталық ашылды.

Зере АЛТЫНБЕК, 

№4 Тілеміс батыр жалпы білім

 беретін мектептің 11сынып оқушысы.

МЕРКІ АУДАНЫ

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ


ПІКІР ЖАЗУ