Барлық бала бақытқа лайық

0
1372

Облыстық мәслихат хатшысы Ж. Жөргенбаев, облыстық білім басқармасы басшысының м.а Г. Исағұлова балаларды қорғау күніне орай Оқушылар сарайында ұйымдастырылған мерекелік шараға қатысты.

Шара барысында олар балалардың сурет салу, шахмат ойнау және басқа да өнерлерін тамашалап, арнайы сыйлықтар табыс етті. Бақыттан бал-бұл жанған балалар келген қонақтарға арнап мерекелік концерттерін ұсынды.
Айта кетейік, облысымызда мектепке дейінгі 184 мемлекеттік және 804 жеке меншік балабақша, мектептен тыс 39 мемлекеттік және 4 жеке меншік ұйым балаларға қызмет көрсетеді. Сапалы білім беруде 760 орта мектеп бар. Биылғы жылы 28 мектеп салыну жоспарланған.

ӨЗ ТІЛШІМІЗ


ПІКІР ЖАЗУ