Түскен қаржы қайырымдылыққа жұмсалады

0
1159

Қоқысты сұрыптап, қайта өңдеу шарасы бойынша игі бастамаға Талдықорған қаласында «Авангард» бастауыш партия ұйым төрағасы Ғ.Аманжолұлы  да өз қолдауын көрсетті.

Ол тұрғылықты мекен-жайындағы  үйінде целлофан, қағаз, металл, тұрмыстық қалдықтар және пластик бұйымдарын бөшкеге бөлек сұрыптап, барша тұтынушыларды  аталған істен үлгі алуға шақырады. Сонымен қатар, сұрыпталған қоқыс-шикізатты қабылдап алушы компанияларға өткізіп, түскен қаржыны қайырымдылық қорларына өткізбек. «Бұл бастама – бір оқпен екі қоянды атқандай» деп есептейді бастауыш партия ұйым төрағасы.

«Таза болса табиғат,  аман болар  адамзат». Табиғатты таза ұстау әрқайсымыздың міндетіміз.

* * *

«Авангард» БПҰ төрағасы, облыстық мәслихаттың өкілі Ғ.Аманжолұлы  облыс-тың ауыл жастары одағының төрағасы Д.Ауданбаевпен бірге Қаратал ауданының тұрғындарымен онлайн кездесу өткізді.

Үштөбе қаласы, Бастөбе, Балпық, Елтай, Жолбарыс, Ескелді, Айту би, Тастөбе ауылдық округтерінің тұрғындарымен Zoom платформасы аясында өткен кездесуде Ғазиз Аманжолұлы және Даулет Бірлікұлы атқарылып жатқан жұмыстардың жайы туралы әңгімелеп, пікір алмасты.

Өз сөзінде Ғ.Аманжолұлы Президент   жолдауындағы ауыл еңбеккерлерінің қолжетімді баспанамен қамтамасыз ету үшін жұмыс берушілердің шығындарын субсидиялау арқылы жалдамалы үйлер салу туралы тапсырмасы жайлы тоқталды. Осы  бағытта тұрғын-үй заңнамасына және ҚР сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамаға өзгерістер енгізу жұмыстары жүргізіліп жатқанын, сонымен қатар, ауылда жалға берілетін үйлер салу бойынша жұмыс берушілердің шығындарын субсидиялау қағидаларының жобасы әзірленгенін айтты.


ПІКІР ЖАЗУ