Жүйелі жұмыс жүргізілуде

0
349

Бүгінде  мемлекеттік  тілді өзге ұлт өкілдеріне оқыту мәселесі қолға алынған  жұмыстардың біріне айналды. Бұл туралы тілдерді дамыту жөніндегі басқарма басшысы Ермек Ақшабаев БАҚ өкілдерімен өткен жиында айтты.

Басқарма басшысы өзі басшылық ететін ұжымның қазақ тілінің дәрежесін арттыру, қолданылу аясын кеңейту аясында атқарып жатқан жұмыстары жайында таныстырды. Айтуынша, мекеме тарапынан мемлекеттік насихаттау, оның қолданылу аясы мақсатында жұмыс қарқынды іске асып жатыр. Атап айтсақ, Жетісу облысында тіл саясатын жүзеге асыру мақсатында 13 шара жоспарланған. Желтоқсан айында олардың алтауын өткізу көзделіп отыр.

 «Алдағы уақытта 6 шарамызды өткізу жоспарда бар. Оның ішінде «Мемлекеттік  тіл –  тәуелсіздіктің нышаны» облыстық байқауы, «Қасиетті өлке – киелі мекен» шығармалар додасы оқушылар арасында өткізіледі. Және бейнеблоктар топтамасын әзірлеу, яғни, тіл саясатын насихаттау мақсатында дайындалатын топтамалар болады. Төртіншісі, «Елге қызмет – ортақ міндет» атты жиын өткізгелі отырмыз. Сонымен қатар «Жетісу кітапқұмарлар өлкесі» және көпшілік алдында сөз сөйлеу, көркем сөйлеу, сөз әдебі тақырыбында дөңгелек үстел өткізу ойда бар», дейді тілдерді дамыту жөніндегі басқарма басшысы   Е.Сүндетбайұлы.

Биыл «Қазақша сөйлейік» клубы құрылып, оған 400-ге тарта адам қабылданған. Қазақ, орыс, ағылшын тілдерін оқыту курстарына 1000-нан астам адам тартылып, арнайы сертификаттар табысталды. Келер жылы басқарма өкілдері  22  ауқымды  іс-шара өткізуді жоспарлап отыр. Қатарында тіл фестивальдері, түрлі байқаулар және семинарлар мен тренингтер бар.

ӨЗ ТІЛШІМІЗ


ПІКІР ЖАЗУ