«Мамания өнер мектебі»  ашылды

0
515

Қазақ   халқының    қолданбалы    өнерін   жас   ұрпаққа   насихаттап,   бүгінде   ұмыт   болып   бара жатқан  ата   кәсіпті   қайта   жаңғырту   мақсатында Талдықорған қаласының   достық   үйінде   «Мамания   өнер   мектебі»  креативті    этноорталығы   ашылды.

Атадан   балаға   мұра  болып   келе   жатқан  салт-дәстүрмен  қоса, қолөнер бұйымдарын   жасап   үйрететін   орталықтың  ашылуына «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесі  мен «Алтын  адам   Жетісу  шеберлер  орталығы»  қоғамдық  бірлестігі   мұрындық   болған.

Жиында сөз сөйлеген «Алтын адам Жетісу шеберлер орталығы» қоғамдық бірлестігінің   төрайымы  Динара  Бакирова  этноорталықтың  алға қойған  мақсат-мүддесімен  таныстырып,  алдағы уақытта  атқарылатын жұмыстарына тоқталды.

 – Біздің  мақсатымыз  –  «Мамания өнер мектебінің»  игі істерін қайта жаңғырту.   Орталықтың атын «Мамания» деп атаудың да мәні тереңде жатыр. «Мамания» мектебінің негізін 1889 жылы ағартушы, меценат Тұрысбек Маманов қалаған. Қазақ даласына білім шырағын жаққан оқу ордасының бірі. Өткен ғасырдың алғашқы жартысындағы Жетісу жерінен түлеген ұлт   көшбасшыларының дені осы мектепте білім алған  екен. Бүгінгі   таңда  бұл жерде   мүмкіндігі   шектеулі   балаларға   инклюзивті білім  бере   отырып,  олардың  ойлау  ауқымын кеңейтетін боламыз.

Бастапқыда   тек  құмды анимация, кескіндеме, сурет салу, безендіру, моделдеу, сабын жасау,  сияқты үйірмелер болса, уақыт  өте  өлкетану, экологоия, , киіз басу, бесмер тігу сынды түрлері  қосылатын  болады деп жоспарлап  отырмыз, – деді Динара Бакирова.

Іс-шара  барысында  «Алтын адам Жетісу шеберлер орталығы» қоғамдық  бірлестігі қолөнершілерінің қайырымдылық жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Өз ісіне тиянақты шеберлердің қолынан шыққан  барлық бұйымдар  көздің  жауын  алады. Жәрмеңкеден   түскен   қаражаттың    бір   бөлігі «Мамания   өнер   мектебі»   креатив этноорталығын   қолдауға бағытталатын   болады.

Мұнан   кейін  «Қазақ   мәдениеті,  әдет-ғұрпы  мен   дәстүрі орталығы» қоғамдық   қоры   мен   «Алтын   адам   Жетісу   шеберлер   орталығы» қоғамдық    бірлестігі   арасында   меморандумға   қол   қойылды.

Мерекелік шара  одан  әрі концерттік бағдарламаға  ұласты. «Ачимноуль»  би  ансамблі  кәріс  биімен  сахна  көркін  кіргізсе,  Юлия Спирченко  «Аз, душа мой»  атты  татар  әнін  нақышына  келтіре  орындады.

А.СМАҒҰЛ.

 


ПІКІР ЖАЗУ